" өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша



бет47/56
Дата27.04.2018
өлшемі22,84 Mb.
#40251
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56

6 - сурет.

а - аналық және аталық бүрлері бар спорофиттің бұтағы; б - аналық бүрдің кесіндісі; в - тұқым бүршігі бар тұқым қабыршағы; г – тұқым бүрінің ұзынынан кесіндісі; д - аталық бүрдің ұзынынан кесіндісінің көрінісі; е – микроспорангий; ж – тозаң; з – тұқымның ұзынынан кесіндісі; и - екі тұқымды тұқым қабыршағы.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жалаңаш тұқымды өсімдіктерде тамыр жүйесінің қандай түрі басым?

2.Жалаңаш тұқымды өсімдіктерге бұтақтанудың қандай түрі тəн?

3. Сабақтың анатомиялық құрылысының салыстырмалы қарапайымдылығы неге байланысты?

4. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің «мəңгіжасылдығы» неге байланысты?

5. Қыс мезгілінде жапырақтардың суды үнемдеп жұмсауын не қамтамасыз етеді?

6. Жапырақтың қандай ішкі құрылысына байланысты оның фотосинтездеуші бетінің аумағы артады?

7. Аталық бүрлер мен аналық бүрлердің қандай айырмашылығы бар?

8. Микроспоролар мен мегаспоралар қайда қалыптасады?

9. Тұқымның таралуы үшін қандай бейімделушілік түзіледі?
Тақырып 8. “Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі Қосжарнақтылар класына сипаттама. Алаботалылар тұқымдасы.

Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысын зерттеу. Аналық және аталықтың анатомиялық құрылысымен танысу. Гүл формуласын құрастыру.

Керекті құралдар: Өсіп тұрған немесе күні бұрын спиртке салынған өсімдік гүлдері. Әр түрлі гүл макеттері. Кеппе шөптер. Тозаңқап пен жатынның кесіндісінің тұрақты препараттары. Микроскоп, лупа, пинцет, өткір ұстара.

Тапсырма 1:

Гүлдің құрылысымен танысып, суретін салып белгілерін жасау.



Жұмыстың орындалуы:

1) Кеппешөптен әр түрлі өсімдік гүлдерінің гүл бөліктерін (тостағанша, күлте жапырақтар, гүлсерік, аталық аналық....) тап. Салыстыр. Суретін салып белгілерін жаса.



1-сурет


Тапсырма 2.

а) Аталықтың құрылысымен танысып, суретін салып белгілерін жаса.



в) Аналықтың құрылысымен танысып, суретін салып белгілерін жаса.

2-сурет


Тапсырма 3.

Кеппе шөпті пайдаланып әртүрлі гүлдердің күлте, тостағанша, аналық, аталықтар санын санап, гүл формуласын құрастыр. Кестені толтыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет