" өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша


Қоңыр балдырлардың маңызы



бет7/56
Дата27.04.2018
өлшемі22,84 Mb.
#40251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56

Қоңыр балдырлардың маңызы.

Қоңыр балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы ерекше. Теңіз жағалауында құралатын органикалық заттардың қоры болып есептеледі. Кейбір жағалаулардан 1 м2 жерден алынатын биомасса ондаған кг-ға жетеді. Сонымен бірге, теңіз жағалауында тіршілік ететін организмдердің азық қоры, көбейетін және паналайтын орны. Қоңыр балдырлардан шаруашылыққа аса қажетті әр түрлі заттар -альгин қышқылдарының тұздарын алады. Натрий альгинатын аз мөлшерде консервілейтін тағамдарға және т.б. қосса, оның дәмділік қасиеті мен қүндылығы артады. Альгинаттар жасанды талшық, пластмасса өндірісінде, әр түрлі бояулар мен желімдегіш заттарды өндіруде қолданылады. Жоғарғы сапалы жағармайлардың қүрамына кіреді. Қоңыр балдырлар парфюмерия мен фармацевтика өндірісінде қолданылады. Жасанды смола, қағаз, жарылғыш, т.б. заттарға қосуға пайдаланады.

Өте ерте уақыттан бері қоңыр балдырлар медицинада және тамаққа қолданылып келеді. Қазіргі уақытта адамға құятын қанның орнына қолданатын дәрі алуға және қанның ұюын болдырмау бағытында дәрілер алу үшін қолданумен қатар, радиоактивті заттарды организмнен шығару үшін пайдаланылады.

Кейінгі 30 жылдың ішінде балдырдарды аквариумдерде өсіру кеңінен қолданылуда. Норвегия мен Англияда, АҚШ-та, Францияда, Жапонияда ламинарияны және басқа макрофитті балдырларды тек мәдени түрде өсіріп қана қоймай, оларды өсіру технологиясын жетілдіруде.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000

3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.


Дәріс 6. ҚЫЗЫЛ -RНОDОРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қызыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Жасуша құрылысы

3. Қызыл балдырлардың көбеюі

4. Қызыл балдырлардың систематикасы

5. Қызыл балдырлардың филогенезі

Жалпы сипаттамасы. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі көп клеткалы, күрделі қүрылымды теңіздерде, мұхиттарда өсіп, су астында ну орман құрайды. Күрделі морфологиялық және анатомиялық құрылымды болуларымен бірге, өте сирек бір клеткалы және қауымды формалары да бар. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі - ірі өсімдіктер, ұзындығы бірнеше сантиметрден метрге дейін жатады. Тұщы суда кездесетін түрлері көпшілік уақытта уақ, микроскопиялық кұрылымды бір клеткалы, қауымды, бір не көп қатарлы клеткалардан қүралған жіптесінді кейде көп клеткалы бұта пішіндес макроскопиялық қүрылымды болып келеді. Қызыл балдырлардың 4000- дай түрі бар. Бұларды Бангиевалылар және Флоридеялылар деп екі класқа бөледі. Олардың барлығына тән хлоропластында хлорофилдің а және d пигменттерінен басқа қызыл- сары каротин, сары ксантофилл, көк фикоцианин және ерекше кызыл фикоэритин пигменттері болады. Осы пигменттердің орайласып келу қабатқа сарғыш, көкшіл, көбінесе алқызыл не қызыл-қоңыр түс береді. Хлорофилдің й пигменті тек қызыл балдырларға тән.

Балдырлардың қызыл түсті болуы - тіршілік жағдайына биологиялық бейімделуі. Судың терең қабаттарында болатын балдырлардың қызыл түсті хлоропласты тереңге өтетін көк және көгілдір сәулелерді өте жақсы ұстайды. Мұндай сәулелерде фотосинтез құбылысы жақсы жүреді. Қызыл балдырлар теңіз суының тереңінен жиналғандарының түсі барлық уақытта қызыл түсті болса, ал саяз сулардан жиналғандардікі жасыл, кейде қара түсті келеді. Тіршілік ортасына қарай бір түрдің өзі қызыл, жасыл не қара түсті болуы мүмкін. Бұл балдырлардың хроматиялық бейімділіктігі (адаптация), соған орай кейбір қызыл балдырлар фотосинтез құбылысына қажетті күлгін сәулелерін өте тереңдікте қабылдауға қабілетті келгендіктен, басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын 500 метр тереңдікте де өсіп-өне береді.

Қызьл балдырлардың басты бір ерекшелігі - билипротеиндерінің болуында, ол басқа балдырлар бөлімінде болатын пигменттерден өзгешелігі - жарық нашар түссе, ол фото- синтез кызметін күшейтуге әсер етеді.

Қабатының құрылысы. Қызыл балдырлардың сыртқы пішіні әр түрлі, олардың ішінде жіптесінді, пластинкалы «сабақты», «жапырақты», қабықты, көпіршік және маржан пішіндес формалары бар, олардың тармақталуы әрқилы. Қабықты қабаттары бар түрлері тасқа не басқа балдырларға жабысып өседі. Жіптесінді формалары бірқатар клеткалардан құралған қатты, мықты келеді. Цилиндр пішінділері тығыз не іші қуыс кілегейлі, тарамдалмағаи жіптесінді, не болмаса көп тармақталған бұта пішіндес. Пластинка пішінділердің қабаты тұтас не эр түрлі, шеттері қатпарланып, тілімделіп келсе, екінші біреулерініц пластинкасы жапыраққа ұқсас жүйкеленіп келеді (52-сурет). Маржан пішіндес формалардың тініне кальций тұздары сіңген. Сыртқы морфологиялық құрылымдарыны әр түрлі болып келуі олардың бұтақтану формаларына байланысты. Көшпілік қызыл балдырлар моноподиальды бұтақтанады. Бұлай бұтақтануда негізгі бұтақтар өзінің өсуін тоқтатпайды. Бұтақтанудан пайда болған бүйірлік бұтақтар да өсу нүктесін құрайды. Симподиальды және дихотомиялық бұтақтану сирек кездеседі. Симподиальды бұтақтануда негізгі бұтақ өзінің өсуін тоқтатады да, пайда болған бүйірлік бұтақтар жоғары негізгі

бұтаққа қарай өседі. Дихотомиялық бұтақтануда өсу нүктесі екіге бөлініп, жаңа бірдей бұтақ береді. Қызыл балдырлардың бұтақтары екі категорияға бөлінеді. Бірі - негізгі бұтақ,мөлшерсіз өседі, ал екіншісі белгілі

бір мөлшерге дейін ғана өседі. Соған орай ол қысқа болады. Бұтақтар спиральды, қарама-қарсы шоқтанып, жеке ретсіз әркелкі орналасуы мүмкін. Сыртқы пішіні әртүрлілігіне қарамастан, қабаттың негізін клеткалық кұрылысты тарамдалған жіпшелер құрайды. Паренхиматозды құрылымды типтер жоқтың қасы, тек порфира мен бангияда ғана кездеседі. Ең қарапайым құрылымды қызыл балдырлар бангиялылар класына жатады. Бұл класта бір клеткалы, қауымды, пальмеллоидты, пластинкалы, жіптесінді сирек паренхиматозды құрылымды организмдер кездеседі.

Бір клеткалы Рогрһуrіdіит жиі қауымды ретсіз клеткалар жиынтығы түрінде кездеседі, Қауымды формаларының біртіндеп өсуінің нәтижесінде жіптесінді формаға қарай ауысуы байқалады. Жіптесінді қауымды, гонитрихумнан- Gопіоtrісһит байқауға болады. Бұлар қауымдары тарамдалмай не тарамдалған жіп пішінді болып келеді. Көпшілік бангиялылардың қабаттары тік өседі. Соған орай, клеткалары бірнеше бағытқа қарай бөлінудің нәтижесінде пластинка формалы - бір қабатты бангия сияқты түрлер дамиды. Егер клетка үш бағытта бөлінсе, екі қабаты пластинкалы формалар жетіледі. Мұндай қүрылысты порфирадан кездестіруге болады. Эритрокладия-Еrytrocladia сияқты түрі төсемікке төселіп өсіп, белгілі бір формасы жоқ паренхиматозды келеді. Бангиялылардың өсуі диффузиялық, яғни қабатының барлық клеткаларының бөлінуі арқылы жүреді. Флоридеялылардың бангиялыларға қарағанда бұтақтануы да, кұрылымы да күрделі. Паренхиматозды құрылымдылары болмайды. Бұлар күрделі жалған паренхиматозды. Анатомиялық қүрылысы жіпшелерінің бір-бірімен матасуынан және бір біліктілердің не көп біліктілердің бүйірлік бұтақшаларымен жанаса өсуінен түзіледі. Эволюциялық процестің нәтижесінде жіптесінді қүрылымды формалар бірталай өзгерістерден өткен. Соған байланысты күрделі анатомиялық құрылымы бар көпшілік қызыл балдырлар пайда болады. Фурцеллярияның көлденең кесіндісін микроскоппен қараған уақытта оның үш қабаттан тұратынын байқауға болады. Ең сыртында боялған түсті клеткалардан құралған қабықтық қабат, ортаңғы бөлімінің қабаты жіпше клеткалардан құралады, олардың арасында ризоид жіпшелері бар. Ризоид жіпшелері ортаңғы бөлімдегі бос жіпше клеткалармен байланысып, өзектік қабатты құрайды Өзектік қабат пен сыртқы қабықтық қабаттың аралығында ірі клеткалардан құралған ішкі қабықтық қабат орналасады. Флоридеялардың анатомиялық құрылымы бір және көп білікті, негізгі екі типті біліктен (бір және көп білікті) тұратынын ажыратуға болады. Бір білікті типті қабатының негізгі құрылымы белгілі мөлшерге дейін ғана өсе алатын қысқа бүйірлік бүтақшалармен бірқатар жіпшелерден тұратын клеткалардан құралады. Көп білікті типтес қабаттың ортаңғы бөлімі параллель орналасқан жіпшелер жиынтығынан құралады. Бұлардың бойлай өсуіне тек жоғарғы, яғни апикальды клеткалар ғана қатысады. Апикальды клеткалар басқа клеткалардан мөлшерінің үлкен және формасының күмбезді болып келуі арқылы айырылады. Бір білікті түрлерінде апикальды клетка біреу, ал көп біліктілерде бірнешеу. Қызыл балдырлар төсемікке клеткалық құрылысы жоқ не көп клеткалы сорғыштары не ризоидтары арқылы бекінеді. Қызыл балдырлардың морфологиялық құрылысы әр түрлі.

Коккоид құрылымдыларында тұщы суларда кездесетін Бангия класына жататын шар пішінді бір клеткалы Cyanidium coldarum жэне Porphyridium-ның аздаған түрі жатады .

Пальмеллоид қүрылымдыға тұщы суларда таралған, кілегеймен қоршалған Porphyridium жатады. Егер порфиридиумның барлық клеткалары кілегей бөліп шығарса, пальмеллоидты кілегейлі клеткалар жиынтығы құралады, ал жекелеген клетканың белгілі бір бөлімі ғана кілегейленсе, онда бұтақтанған кілегейлі өсінділер пайда болып, онда клеткалар орналасады. Қауымды тұщы су бангияларында көп клеткалы жіптесінді формаға қарай дамуы байқалады.



Пластинка қүрылымды қабат көбінесе теңіз суында тіршілік ететін балдырларға тән. Олардың қабаты бір қабаттан не екі қабаттан күралған паренхиматозды келеді. Мұндай қабаттар едәуір ірі, шеттері тегіс не қатпарлы болады (порфира). Пластинканың төменгі жағы жіңішкеріп, сабаққа айналады.

Трихальды - жіптесінді құрылымды формалары көбінесе Ваngiopbyceae класының теңізде және тұщы суда кездесетін өкілдеріне тән. Олардың қабаты бірқатар жіптесінді талшықтан, кейбір түрлерінде екі қатар жіптерден тұрады. Жіпшені құрайтын клеткалар морфологиялық жағынан біркелкі, базальды клеткасынан басқасы. Барлық клеткалар бір не екі жазықтықта бөлінуге қабілетті.Күрделену процесінің нәтижесінде клетканың үш жақты бір-біріне перпендикуляр жазықтықта бөлінуіне байланысты бірқатарлы жіптесінді форма көп клеткалы, бірнеше қатарлы жіптесінді формаға айналады (Вangia). Жіптесінді формасының қабаттары құрылысыньң күрделенуіне байланысты төсемікке бекінетін базальды клеткалар - ризоидтарда күрделене түседі. Флоридея класында трихальды форма қарапайым Nemaliales қатарына ғана тән.

Гетеротрихальды - әр түрлі жіптесінді қүрылымдыларға күрделі көптеген бангиялар мен флоридеялар жатады. Бангиялардың гетеротрихальды қабаты бірқатар клеткалардан тік өсетін және төсемікке төселіп жататын тармақтанған жіпшелерден тұрады.

Ал кейбір түрлерінде бұтақты болып келеді. Оның негізгі білігі ірі, түссіз клеткалардан құралады, оны бір не бірнеше тек боялған клеткалардан құралған қабықшалар қоршап жатады. Қабат төсемікке табаны және ризоидты өсінділерімен бекінеді. Бірқатар қабаты әрі қарай күрделенуіне байланысты флоридея класында белгілі бір мөлшерге дейін өсе алатын көптеген бұтақшаларға тармақталған негізгі «сабақтың» клеткаларының бөлінуінен, шоқталған буындарда бүйірлік бұтақшалары өседі. Ал оның негізгі «сабағы» вегетативтік уақытында қанша болса да ұзарып өсе алады. Теңізде тіршілік ететін көптеген қызыл балдырлардың анатомиялық құрылысының күрделі болуы негізгі білікті бойлай өсетін ризоидты гифтерінің болуына байланысты. Ол гифтердің клеткалары жіңішке, қалың қабықты келеді. Флоридея класының көпшілік балдырларының анатомиялық құрылысының күрделі болуындағы негізгі ерекшелігі — бір білікті және фонтанды - көп білікті болуында. Бір білікті қабаттың бүйірлік бұтақшалары бар бірқатар клеткалардан құралған жіпше. Көп білікті кабаттың орталық білігі параллель орналасқан көптеген шашақталып кететін жіпшелерден тұрады. Жалған паренхиматоздылары көпшілік уақытта теңізде тіршілік ететін түрлеріне тән.



Клетка құрылысы. Қызыл балдырлардың клетка пішіні шар, эллипс, цилиндр, күбі, табақ және көп бұрышты келеді. Клетка қабықшасы тұтас ол екі қабаттан ішкі целлюлоза сыртқысы пектин қосылыстарынан тұрады. Кейбіреулерінің кабатында жұқа кутикула қабыты болады (54-сурет). Өзінің құрылысы және құрамы жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің кутикуласынан айырмашылығы бар. Мысалы, порфирада кутикула қабаты манноза моносахаридінің қоюлануынан болады. Көпшілік қызыл балдырлардың (флоридея класы) пектинді қабықтарының құрамында магний, кальций тұздары, пектин қышқылы және күкірті бар полисахаридтер, күрделі коллоидты қосылыстар болады. Оны фикоколлоидтар деп атайды. Фикоколлоидтар суық суда ерімейді, ыстық суларда жақсы ериді. Бұны агар, полисахарид-каррагенин және агароидтар алуға шаруашылықта кеңінен пайдаланады. Цитоплазмаклетканың қабырғалық қабатына қарай орналасады және қоймалжың, тым жабысқақ келеді, ортаның өзгерісіне сезімтал, сондықтан плазмолиз жағдайына тез ұшырайды. Қарапайым құрылымды қызыл балдырлардың басым көпшілігі бір ядролы. Күрделі құрылымды түрлері көп ядоролы, тек апикальды клеткалары мен қабықтық клеткалары бір ядролы. Репродуктивті органдардың спермация, карпоспора, тетраспора клеткалары бір ядролы. Жұмыртқа клетканы көпшілік уақытта көп ядролы клеткалар қоршап жатады. Ядроның айқын көрінетін ядрошығы болады. Ядролары ұсақ. Хлоропласттардың формалары мен көлемі, саны әр түрлі. Қарапайым құрылымды түрлерінде (Бангияда) хлоропласттары жұлдыз және пластинка тәрізді .

Әр хлоропластында ірі бір не бірнеше пиреноидтары болады, кейде болмайды. Немалион сияқты қарапайым флоридеяда хлоропласттары жұлдыз не қалақ пішіндес, сандары әр түрлі. Күрделі құрылымды флоридея сияқты формаларында хлоропласттары линза және дән тәрізді. Оның пішіні бір организмнің өзінде де біркелкі болмайды, клетканың есеюіне, мөлшерінің өзгеруіне, жарықтың түсуіне байланысты пішіні өзгеріп отыруы мүмкін. Буын аралығындағы ірі клеткаларда хлоропласты лента пішіндес келсе, ал буындардағы ірі қабықты клеткаларында пластинка, астау, қалақ пішіндес келеді. Құрылысы күрделенген сайын хлоропласттарының саны да көбейе түседі. Күрделі құрылымды түрлерінде пиреноидтары болмайды.

Ассимиляция қор заты ретінде көпшілік қызыл балдырларда багрянка крахмалы деп аталатын полисахарид түйіршіктер цитоплазмада не хлоропластта жиналады. Қор затына иодпен әсер еткенде крахмал сияқты көк түске боялмай, алғашқыда қоңыр-сары, кейіннен қызыл түске боялады. Химиялық табиғаты жағынан амилопектин және гликогенге жақын тұрады. Багрянка крахмалы флоридея класының өкілдеріне ғана тән. Бангия класының кейбір түрлерінде гликоген жиналады.

Қызыл балдырлардың бір ерекшелігі - флоридея класының кейбір өкілдеріне түссіз клеткаларда жарық сәулесінің сынуы байқалады. Ол клеткаларды друз без деп атайды. Балдырларда мұндай бездердің химиялық құрамы біркелкі келмейді. Олар қабатының жоғарғы жағындағы клеткаларда орналасады да, йодты не бромды қосылыстармен толы болады. Мұндай клеткалар белгілі бір балдыр тобына ғана тән, сондықтан олар негізгі таксономикалық бірлікті анықтауда ерекше орын алады. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан айырмашылығы талшықты қозғалыс стадиясы болмайды. Қабаттарында бір клеткалы тарамдалмаған не көп клеткалы тарамдалған түссіз түктері болады. Бұл түктер қоршаған ортадан қоректік заттарды сіңіріп алып отырады. Флоридея класының клеткаларында ұсақ клетка саңылаулары болады.



Көбеюі. Қызыл балдырларда көбеюінің көп жақты аса күрделі процесс болуы арқылы басқа балдырлардан айырылады. Әр түрлі вегетативтік, жыныссыз көбеюімен бірге күрделі құрылымды жынысты көбею органдарының және күрделі ұрпақ алмасуымен сипатталады. Қызыл балдырларды класқа, қатарға, тұқымдастарға жіктеу, негізінен, көбею ерекшеліктеріне негізделген.

Бір клеткалы және қауымды формалары клетканың екіге немесе бірнеше тума клеткалардың үзілуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Флоридеялар төселіп өсетін сабақтарынан не сорғыштарынан түзілетін қосымша өркендердің пайда болуы және арнаулы вегетативті сүйел пішінді өсінділер арқылы да вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюлері қозғалмайтын әр түрлі споралардың құрылуы арқылы болады. Қарапайым кұрылымды түрлерінде моноспорангияда амебоидты түрде қозғала алатын қабығы жоқ жалаңаш дене түрінде пайда болатын моноспора арқылы көбейеді. Моноспора түзілетін моноспорангия кез келген вегетативтік клеткадан пайда болады. Ал флоридеяларда моноспорангиялар белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатын қысқа бүйірлік бұтақшаларда бірден, кейде бірнешеуге дейін түзіледі. Моноспоралар вегетативтік клеткадан жүмыртқа немесе шар формалы болуымен бірге клеткаішілік затының қою бояуы арқылы айырылады. Пісіп жетілген моноспорангия жоғарғы жағынан тесігі арқылы ашылып, жалаңаш моноспора сыртқа шығып, аз уақыттан кейін қабыққа оранып өсе бастайды.

Көпшілік флоридеялар тетраспорангияда дамитын жалаңаш тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Тетраспорангиялар көпшілік жағдайда вегетативтік клеткадан ірірек келеді және қабықтық қабатқа батып жатады. Тетраспорангия жеке топталып орналасады. Кейбір флоридея класында тетраспорангия қабаттарының бетінде пайда болатын нематеций деп аталатан ерекше денешіктерде түзіледі. Нематеций - тік өскен клетка жіпшелерінен құралған жастықша. Тетраспорангия тетраспоралардың бөлінуіне қарай шаршы, зоналық, тетраэдрлік болып үш типке бөлінеді. Тетраспорангияда шаршы бөлінуде ең алдымен спорангия ішілік заты көлденеңінен тең екіге, одан кейін бойлай бөлінеді, соның нәтижесінде оған бүйір жағынан қарағанда оның үш клеткасы ғана көрінеді. Зоналық бөлінуде үш перде көлденеңінен бір-біріне параллель өтеді, соның нәтижесінде тетраспоралар бірінен кейін бірі «тізбектеліп орналасады. Ал тетраэдрлікте бөліну сызығы қиғаш өтеді. Тетраспорангиялардың қабаттарда орналасулары әр түрлі болады. Кейбір қызыл балдырларда спорангияның бөлінуінен 28-ге дейін полиспоралар түзіледі. Полиспоралар құрылысы жағынан тетраспоралардан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек саны жағынан ғана. Барлық қызыл балдырларда споралар жалаңаш қабықсыз. Спорангиядан шыққаннан кейін қабыққа оранып өсе келе жыныс органы дамитын гаметофит береді.

Жынысты көбею - оогамиялы . Бір клеткалы және қауымды қызыл балдырларда жынысты көбею болмайды. Аналық жыныс органы - карпогон ерекше карпогониалды деп аталатын қысқа бұтақтардан өседі. Карпогон- колба пішінді, ол жалғыз жүмыртқа клеткасы жататын кеңейген қүрсақ бөлімінен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны - трихогинадан тұрады. Карпогонның кеңейген бөлімінде ядро мен хлоропласт, ал трихогинасы түссіз, протоплазмаға толы болады, оның жас кезінде ядросы болып, кейіннен жойылып кетеді. Қарапайым түрлерінде трихогина өспейді десе де болады, себебі өте кішкентай немесе болмайды. Бангияларда карпогон кез келген вегетативтік клеткалардан өседі және вегетативтік клеткадан айырмашылығы болмайды. Аталық жыныс антеридий бүлдірген жемісі сияқты шоғырланған. Әрбір сперматангия клеткасынан 28-32-ге дейін уақ клеткалар түзіледі, оның әрқайсысынан бір-бірден спермация пісіп жетіледі. Спермация - шар немесе жұмыртқа пішінді бір ядролы, түссіз жалаңаш клетка. Антериден босаған спермация судың ағынымен карпогонға келіп, трихогинаға жабысады да, қабықпен қоршалады, одан кейін трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Ұрықтанған ұрық клеткасы - зигота жеке қабықпен қапталмай, карпогон қабығының ішінде қалады. Ұрыктанғаннан кейін зигота тыныштық күйге көшпей-ақ өсе бастайды. Ұрықтанғанан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды. Көпшілік балдырларда зиготадан жыныссыз көбеюге қызмег ететін спорофит дамитын жаңа өсімдік өседі.

Күрделі құрылысты көпшілік қызыл балдырларда зиготадан жаңа өсімдік спорофит өспей тұрып күрделі өзгеріске ұшырайды. Соның нәтижесінде ерекше спорофиттің, бастамасын беретін түссіз, жалаңаш, талшықсыз клетка - карпоспора өседі. Олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырлардың жаңа қабатына айналады. Қарапайым бангияларда жыныс процесінің нәтижесінде 4-32 карпоспора одан жаңа өсімдік - спорофит өседі. Қызыл балдырлардың көбісінде карпогоннан бірден цисто- карпия дамымайды.Күрделі құрылымды қызыл балдырларда зиготаның дамуы көп жақты күрделі процесс және бұл процесс әрқайсысында әр түрлі жағдайда өтеді. Оған ұрықтанған карпогон клеткасынан басқа көптеген арнаулы клеткалар қатысады. Қызыл балдырлардың біраз түрлерінде карпогоннан гонимобласта деп аталатын арнаулы тарамдалған өсінділер жиынтығы өседі. Одан карпоспора өсетін карпоснорангия дамиды.Көпшілік күрделі қүрылымды қызыл балдырлардың ұрықтанған құрсақ бөлімінен бірден гонимобласталар дамымайды. Гонимобласталар ерекше қосымша ауксилярлы клеткалардан дамиды.Ауксилярлы клетка ішіндегі заты басқаларға қарағанда қою болады. Мұндай жағдайда ауксилярлы клеткалар карпогоннан алшақ жатады. Ол уақытта ұрықтанған карпогон құрсағынан ообластема немесе байланыстырушы жіпшелер өседі . Ообластема жіпшелерінің түзілер алдында зиготада митотикалық бөліну болады, сондықтан ообластема жіпшелерінің клеткалары диплоидты келеді. Ообластема жішпелері уксилярлы клеткаларға қарай өседі де, клетка қабықшалары еріп, бір-бірімен қосылады,бірақ диплоидты ообластемдік клетканың ядросы мен ауксилярлы клетканың гаплойдты ядролары қосылмайды. Алайда, ауксилярлы клеткалар ообластема жіпшелерінің диплоидтық ядросының бөлінуіне, одан диплойдты ядросы бар гонимобласталардың дамуына,сонымен қатар диплоидты карпоспоралардың түзілуіне жәрдем етеді. Диплоидты карпоспора өеетін өсімдікті карпоспорофит деп атайды. Күрделі құрылымды қызыл балдырлардың бірінде ауксилярлы клеткалар тек ұрықтанудан кейін ғана карпогонге жақын өседі. Мұндай жағдайда ауксилярлы клетка мен карпогонды байланыстыратын ообластема жіпшелерінің қажеті жоқ.

Ауксилярлы клеткалар мен карпогонды қосып прокарний деп атайды Сондықтан ауксилярлы клеткалар тікелей ұрықтанған карпогонмен косылады да, одан гонимобласталар мен карпоспоралар дамиды. Карпоспорангиялар бір-бірімен тығыз орналасып, карноспорофит немесе цистокарпий құрайды. Сонымен карпоспора мен цистокарпий көпшілік уақытта екінші рет бірігу өнімінен түзіледі, сондай-ақ қарапайым құрылымды қызыл балдырларда карпоспорофит құрылмайды.

Мүндай цикл Роrрһуrа балдырында кездеседі. Мұны қысқарған даму кезеңі деп атайды. Зиготадан бірден карпоспора өседі де, одан жаңа дарақ дамиды.

Ірі пластинка пішінді макроскопиялық гаметофит кішкентай төселіп жататын жатаған микроскоптік спорофитпен ауысады. Мұндай гетероморфты ұрпак ауысу Роrрһуrа балдырынsң күрделі құрылымды түрінде болады. Спорофит тармақталған бірқатар клеткадан құралған жіптесінді келеді. Гаметофит жарық жақсы түсіп тұрған жерде өссе, спорофит жарық нашар түсетін әктас төсемікте өседі. Кейбір түрлерінің аталық және аналық жыныс органдары бір өсімдікте өссе, екінші бір түрлерінде әр өсімдікте өседі. Карпоспора бір жағдайда өсе келе пластинка пішінді өсімдікке айналады, одан моноспора дамиды. Екінші бір жағдайда карпоспорадан жіп пішінді тармақталған, бірқатар клеткадан құралған өсімдік өседі. Порфира балдырының үшінші бір түрінде редукциялық бөліну конхоспора түзілер алдында конхоспорангияда болады. Моноспора мұнда диплоидты.

Қарапайым флоридея класының көбеюі бангия класының өкілдеріне қарағанда анағұрлым күрделі келеді. Мысалы, Batrachospermum- нан байқауға болады. Батрахоспермумның дамуында карпоспорадан шантранзия деп аталатын жатаған диплоидты жіпше өседі. Оны спорофит деп атайды. Ал оның апикальды бөлімінде

мейоз процесі жүреді де, одан гаплоидты өсімдік өседі. Сөйтіп, қалыпты жағдайда шантранзия жіпшесінің жоғарғы жақ клеткасынан гаплоидты жаңа батрахоспермум қабаты дамиды.

Күрделі құрылымды флоридея класының дамуында жыныссыз көбею тетраспора құру арқылы жүреді және жыныс процесі кезінде ообластема жіпшелері мен ауксилярлы клеткалар пайда болады. Бұлай Lетапеа, Рlаtота жэне Dитопіtа-лар дамиды.

Polysiphonia мен Согаllіnа сияқты балдырларда ұрпақ ауысып отырады. Балдыр мұнда екі үйлі, гаметофит пен тетраспорофит және карпоспорофиттердің үшеуі де бір- біріне ұқсас, көпшілік жағдайда изоморфты келеді.

Palmiria раlmata сияқты балдырларда спорофитпен аталық гаметофит бірдей ірі болып келсе, аналық гаметофит күшті өзгеріске ұшырауына байланысты одан тек трихогинасы бар карпогон ғана өседі. Ұрықтанған карпогоннан бірден тетраспорофит дамиды, карпоспорофит болмайды. Ал қабықты Rhodophysema elegans- тың даму кезеңінде тетраспорофит ұрпағы болмайды. Қабықты қабаты бір үйлі гаметофит болып есептеледі. Ұрықтанған карпогоннан бірден тетраспорангия, ал оның редукциялық бөлінуінен қабықты қабаты дамитын тетраспора түзіледі.

Флоридея класында көпшілік уақытта бір-біріне байланыссыз екі түрлі даму жолы байқалады. Бірінші бағыттағылардың біреулерінде гаплоидты фазасы басым болса, диплоидты фазасы тек зигота түрінде ғана, ал басқа біреулерінде екі фазаның дамуы да бірдей болады да, изоморфты ұрпақ ауысады. Екінші даму бағытында жыныс процесінде гаметофит, карпоспорофит, тетраспорофит сияқты бірінен кейін бірі келетін үш кезеңнің болатындығы байқалады. Бұл екі бағыттағы жыныс процесінің барлық жағдайында қызыл балдырларда жүмыртқа клетка сыртқа шықпай, аналық гаметангияның қоршауында бол ды жэне сол қоршаудың ішінде ұрықтанады. Бұл жағынан жоғарі сатыдағы өсімдіктердің ұрықт нуына ұқсас келеді. Қызыл балды лар бангиялар мен флоридея класына және 12 қатарға бөлінеді. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі флоридея класына жатса, ал бангиялар класына небәрі 70 шақтыдай түр жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет