Жалпы педагогиканыңқұрылымы: Педагогиканың жалпы негіздері. Тәрбие теориясы. Дидактика (Оқыту теориясы). Мектептану.
Педагогиканың жалпы негіздерінде қарастырылатын мәселелер: педагогика пәні, зерттеу нысаны, категориялары, салалары, пәнаралық байланыс, тұтас педагогикалық үдеріс, педагогика ғылымының пайда болуы, педагогикалық мамандықтың ерекшелігі т.б. Тәрбие теориясының негізгі қарастыратын мәселелері: тәрбиенің мазмұны, үдерісі, формасы, құралдары, әдістері, түрлері, парадигмалары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбие технологиялары және т.б. Тәрбие теориясының негізгі ұғымдары: тәрбие, қалыптастыру, әлеуметтену, тәрбие парадигмалары, тәрбие заңдылықтары, тәрбие ұстанымдары, тәрбие түрлері, тәрбие мазмұны және т.б. Дидактиканы оқыту және білім беру бөлімі деп те атайды. Дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері: оқытудың мазмұны, үдерісі, әдістері, түрлері, заңдылықтары, ұстанымдары, оқытудың жаңа технологиялары, және т.б. Дидактиканың негізгі ұғымдары: оқыту, білім беру, оқыту ұстанымдары, білім берудің мазмұны, сабақ. Мектептану – мектептегі басқару ісінің мазмұнын, әдісі мен тәсілін зерттейтін, мектеп жұмысын ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін анықтап, саралайтын педагогиканың бөлімі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі келесі салаларды қамтиды:
Мектепке дейінгі педагогика;
Мектеп педагогикасы;
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы;
Орта арнайы білім беру педагогикасы;
Жоғары мектеп педагогикасы;
Пәндерді оқыту әдістемесі;
Өндірістік педагогика;
Әлеуметтік педагогика;
Салыстырмалы педагогика;
Арнайы педагогика;
Әскери педагогика;
Педагогика тарихы;
Халық педагогикасы (Этнопедагогика);
Коррекциялық педагогика;
Кәсіби педагогика;
Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімді меңгеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін және категориялық аппаратын, ғылыми ақпарат жүйесін түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Ол шынайы ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. Ғылым – қоғамдық сананың ерекше формасы (күрделі, жан-жақты), тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай-ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл: мәдениеттің бірсаласы; дүниетанымдық әдістіңбірі; адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргішкүш; арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б. кіргізіледі). Ғылым нысаны ‒ әлемнің құрылысы мен жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап қоғамдық өмір мен жеке ғылымның проблемаларына дейінгі адамзат тарапынан жасалғандардыңбарлығы. Ғылым мақсаты – жаңа білімді меңгеру мен оны әлемді тану тәжірибесінде қолдану. Ғылым екі маңызды элементтерден тұрады: өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар ғылыми білім жүйесі мен ғылыми іс-әрекет. Ғылыми білім жүйесі элементтері: теория, заң, гипотеза (болжам), ұғым, ғылыми әдістер. Ғылым спецификасы ‒ әлемді түсіну мен оның заң, теория күйінде бейнелеуінде.