38 Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның
қабырғасына қатты батты. Бұл жөнінде: “Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға
керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін
қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары… Бұл мектептің халыққа
жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі…” деп ауылдық
қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, “орыс школдарында тәртіп те
бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар – бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз.
Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз
деген пікірі (орыстану саясатын айтып отыр. – С.Қ.) бүлдіріп отыр”– деп
қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске
асырылып жатқанын әшкерелейді. Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі
бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, “Хүкіметке керегі
мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа
керегі өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп
әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек… Қазақты
басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса,
жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс” деп, өз пікірін батыл білдірді.
А.Байтұрсынов “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 62-санында “Мектеп
керектері” деген мақаласында “…Ең әуелі мектепке керегі – білімді,
педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту
ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді,
һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші –
мектепке керегі белгіленген программа” – деп оқытуға қажетті мәселелерді
ғылыми
тұрғыда
талдап
береді.
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге
де арнайы тоқталып, ол пәндерді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп,
шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек деп саралап
көрсетеді. А.Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға
алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан, кейбір оқулықтарды
шығару
ісіндегі
қиындықтарды
қынжыла
баяндайды.
“Қазақтың өмірі орыс халқымен тығыз байланысты” деп келешекке
көрегендікпен қарап, “орысша оқу орыс қол астында тұрған жұртқа керек.
Жаңа жолдың көшбасшысы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында.
Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа – ниетті, жұртына
қызмет ету…” екенін атап көрсетеді. Қазақ арасына білім нұрын шашуға
нағыз
қолайлы
деп
ауыл
мұғалімдеріне
үлкен
үміт
артады.
А.Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де
дұрыс көрсете білді. “Бұлардың кемшілігі сол – деді ол – бала оқыту
ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар ішінде кем болуы.
Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте (жаңаша буындап оқыту) жолымен
жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды,
жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп
көрмегендік-тәжірибесіздік” деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ
топырағында
тұңғыш
рет
сөз
еткен
де
Байтұрсынов
болды.