0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет40/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

35 
 
Ахмет әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы 
негізінде жасалды. 
Байтұрсынов
қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу 
мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. 
Оның үш бөлімнен тұратын қазақ тілінің тұңғыш «Тіл - құрал» атты 
оқулығының фонетикаға (1915), морфологияға (1914) және синтаксиске 
(1916) арналған бөлімдері жарық көрді. Қазақ тіл білімінде терминдер 
қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар 
берді. 
Ахмет 
Байтұрсынов
тың 
ақын, 
аудармашы, 
ғалым-тілші, 
әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие 
болды.
Ұзақ жылдар дүниеге әкелуге талпынған тұңғыш жалпы ұлттық 
басылым «Қазақ» газетінің алғашқы санын 1913 жылы 2 ақпанда басып 
шығарып, 1917 жылдың аяғына дейін өзі редактор болды.
1917 жылғы жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен қазақ 
съездерінің өтуіне атсалысты, қос жалпыұлттық Құрылтайды (съезді) 
ұйымдастырып, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуына 
ұйытқы болды. 1919 жылы наурыз айында Мәскеуге барып Кеңес үкіметі 
басшыларымен келіссөз жүргізді, Алаш көсемдері мен мүшелеріне кешірім 
жариялатты. Өзі 
қазақ даласын басқаратын Әскери-революциялық 
комитеттің төрағасының орынбасары болып бекіді. 1920 жылы 26 тамызда 
құрылған Қазақ автономиялық кеңестік үкіметінің құрамына еніп, 1920-21 
жылдары Халық ағарту комиссары, яки Оқу министрі, 1922 жылы 
Академиялық орталықтың, 1922-25 жылдары Халық ағарту комиссариаты 
жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының 
төрағасы болды. Осы жылдары негізгі жұмысына қосымша Орынбор мен 
Тәшкендегі педагогикалық жоғары оқу орындары – Қазақ халық ағарту 
институттарында қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениет тарихы пәндерінен 
дәріс оқыды. 1925 жылы Қазақстанға Сталиннің тапсырмасымен қандықол 
Ф.И.Голощекин басшы болып келгеннен кейін Алаш зиялыларының 
бастарына қара бұлт үйіріліп, бақ ұшты. 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға 
алынып, Мәскеудегі атышулы Бутырка абақтысына жөнелтілді. ОГПУ-дің 
1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен ату жазасына кесілді, кейін бұл үкім 10 
жыл концлагерьге қамалуға, артынан 3 жыл Архангельскіге жер аударылуға 
ауыстырылды. Өмірлік жары Бадриса (Александра) екеуі де денсаулықтан 
айырылып, арып-ашып 1934 жылы Алматыға жеткенімен 1937 жылы 8 
қазанда тағы бір мәрте қамауға алынып, 8 желтоқсанда Алматы түрмесінде 
атылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет