0 Қызылорда, 2022


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МОЛ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ



Pdf көрінісі
бет48/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МОЛ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ 
УАҚЫТТАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ 
Нұрмаханова Шолпан 
Ыбырайдың ізбасары Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана 
тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», 
«Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, 
саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын 
қазақтың маңдайына біткен ірі тұлғаның ерең еңбегі. Шәкірт тәрбиелеп, ана 
тілінің негізін қалаған. Көркем әдебиетті зерттеп, аударма ісімен айналысып, 
аң, жануар мен хайуандарға тіл бітіріп, адамдардағы жағымды, жағымсыз 
мінез-құлықтарды ажыратып көрсете отырып, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні 
бар мол мұра қалдыра білген. 
Қазақтың тілші-ғалымы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің 
құрылымы мен өзгешеліктері, қазақ тілін оқыту әдістемесін, араб әліпбиінің 
жайы, терминдерді барлығын зерттеу барысында мақалалар жазды. 1926 
жылы Баку қаласында болған түркітанушылардың Бүкілодақтық І съезіне 
қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта 
қазақтың Ахметі баяндама жасады. Ахаң Ыбырайдың ізін жалғап, қазақ 
балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күшін сарп еткен. Осы 
мақсатты нықтаған Ахаң1912 жылы«Оқу құралы», 1914 жылы «Тіл құралы», 
ересектердің сауатын ашуға арнап 1924 жылы«Әліпби», 1926 жылы«Жаңа 
әліпби» атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына 
қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап
морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. 
Қазақ фонетикасы мен грамматиалық жүйесін талдауда тілдің типологиялық 
ерекшеліктері мен өзіндік даму үдерісін ескеру принципін ұстанды. Ахмет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет