39 Ол осы пікірін әрі қарай жалғастырып, “Оқыту жайынан” атты мақаласында
“… оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі
мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды,
түзу жүреді…” дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы
еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын
“Оқу құралын” жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі “Тіл
құралы” деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы,
ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға
дейін
әлденеше
рет
қайта
басылып,
пайдаланылып
келді.
Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың
әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін
қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу,
шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми
терминдердің
баршасы
А.Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы – қазақ тілі грамматикасының басты
салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын
зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп,
тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы
грамматиканы да жазып, “Тіл жұмсар” деген атпен екі бөлімді кітап етіп
ұсынып,
1928
ж.
Қызылордада
бастырып
шығарды.
Бұрынғы қадім жазуы бойынша әр әріптің таңбасы сөз басында біртүрлі, сөз
ортасында біртүрлі, сөз аяғында біртүрлі болып белгіленетін. Және бас әріп,
кіші әріп таңбасы болатын, сөйтіп 28 әріптің 145-150 таңбасы бар еді. Ал ол
баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. А.Байтұрсынов осы әріп
таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде жеңілдетті. Бұдан балалар
тез сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов
1926 ж. “Әліпбидің” жаңа суретті түрін кітап етіп қайта бастырып шығарды.
Бұл “Әліпбидің” мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекеттік білім
кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шықты. Әңгімелері балалар
үшін
қызық,
жеңіл,
заманға
лайық
болды.
Жаңа “әліпбидің” тағы бір ерекшелігі қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілері,
төрт түлік туралы өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер
үзінділерін әр әріпті өтуге байланысты орынды пайдалануы және олардың
тәлімдік те, танымдық та маңызын ескере отырып іріктелуі еді.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін
қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы
болды. А.Байтұрсынов 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында
жарияланған “Қай әдіс жақсы” деген көлемді мақаласында орыстың ұлы
педагогі Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдістері туралы” деген еңбегіне талдау
жасай отырып, “Әдіс деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те,
жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу,
шеберліктің белгісі
– түрлі әдісті болу” деп тұжырымдайды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру
әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру