Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. https://anatili.kazgazeta.kz/news/40925 2. https://massaget.kz/blogs/27465/ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА Жортулова Кенжегүл Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-
ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне
бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін
қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу
құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік
мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері,
араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер
жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың
Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде
қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның
жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа
ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық,
ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс
әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып,
“Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып,
оқулық
ретінде
ұсынды.
Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне сай келетін,
надандығын,
жалқаулығын,
алтыбақан
алауыздығын
әшкерелейтін
мысалдарды
таңдап,
талғап
аударды.
Патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының хал-ахуалын әбден