Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың
32
Ахметі»: Респ. Ғыл.-тәж. конф. Материалдары.-Қарағанды: «TENGRI Ltd»,
2013.-382 б.
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен
Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. —
Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.
4. «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық» Алматы 2010
5. Егемен Қазақстан 15қазан,1998 жыл
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА
Байбол Бекзат
Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайреткері, әдебиет зерттеуші
ғалым, ақын, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай
өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. XX ғасырдың басында
қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани
жаңғыруларды да бастан кешті.
Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет
Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.
Ол
ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген,
жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп,
санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Ахмет 1895ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін
аяқтап, 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы және Қарқаралы қалалық
училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Ол
1905
ж. жазылған
Қарқаралы
петициясы
(арыз-тілегі)
авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға
алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор
бұйрығымен
тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі
істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер
аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ахмет
Байтұрсынов Орынборға 1910 ж. наурыздың тоғызында келіп 1917 жылдың
соңына дейін тұрды. Осы қалада 1913-1918 ж. өзінің ең жақын сенімді
достары Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірігіп және
қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық
«Қазақ» газетін шығарды.Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында
Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше
|