0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет7/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ
То санды жиынты ба алауды спецификациясы «Биология» 8-сынып 2, шыңғыстау, Литература методическое руководство для учителей 9 класса общеоб, Жарықтың затпен өзара әсерлесуі

 
артына айта берсе таусылмас мол мұра қалдырған. Сол мол мұраның бір 
саласы көркем аудармадағы үлесі қалайда халқын ояту, «жақсыдан үйреніп, 
жаманнан жиренуге» шақыру мақсатында, ол ұлы Абай салған соқпақты — 
аударма ісін жалғастырды. Абай Құнанбаевтың орны тілі арқылы батыс 
философ ғалымдары Дарвин, Милл, Спиноза тағы басқа еңбектерімен жақын 
таныс болғанын, көне грек кемеңгерлері Сократ, Аристотель, Платон 
еңбектерін үлгі еткендігін білеміз. Орыс әдебиеті үлгілерін Абай жете 
меңгеріп, Крылов, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Салтыков-
Щедринді терең танып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударып, 
аударма існе жол салып, өз халқының «жақсы», «жаман» мінезін ашуда
санасын оятуда басты құрал еткен, яғни XX ғасырдың бес кезінде орыстың 
классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіндегі Абай, Ыбырайдан 
басталған жолды Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев
М. Сералин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ахмет Байтұрсыновтар 
жалғастырып, игі дәстүрге айналдырды.
Қорыта 
келгенде 
айтарымыз, 
Ахмет 
Байтұрсыновтың 
шығармаларының негізгі идеясы жастарды бүгінгі күнде құрғақ сөз, 
«таусылмайтын» ақыл-кеңес айта беріп тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың 
үлгі өнегесіне, ғибратқа негіздеудің қажеттігін баса айтқан. Бүгінде Ахаңның 
мысалдарын оқу-тәрбие ісінде орынды пайдаланып отыру — әрбір тәрбиеші 
ұстаздың басты мақсаты, әрі парызы болмақ. Шығармалардан нақты 
мақалдар келтіре сөйлеп, оқушылар бойында бүгінде сирек құбылыс болып 
бара жатқан астарлы теңей, салыстыра сөйлеуге деген қызығушылықты, 
құштарлықты оятуға, машықтандыруға, Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ 
«лұғат тазалығына» баулуға болады. Қызығушылықтың арқасында 
жастардың шығармашылық ойлары ұшталмақ. Сегіз қырлы, бір сырлы Ахмет 
Байтұрсыновтың шығармаларына қайта-қайта үңіле қараған сайын, оның 
шығармашылығының өміршеңдігі мен тәлімдік мәнін терең сезіне түсеміз.
Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар 
жүргізіліп жатыр. Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды 
қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген 
инновациялық білім ұлттық құндылықтар мәнімен астарласа берілуі тиіс. 
«Қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат қандай?» деген сұраққа: 
жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік 
аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септігін тигізетін, 
жаңа технологияны меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып 
қалыптасуы деп жауап берер едім. 
Ахмет 
Байтұрсынұлы 
мұрасы-барлық 
түркі 
халықтарын 
байланыстыратын алтын өткел. Оның әралуан ғылым саласында көп оқып, 
батыс, орыс әдебиетін жақсы білгендігі барлық еңбектерінде айқын көрініп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет