0 Қызылорда, 2022


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет234/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІНІҢ 
ӨМІРШЕҢДІГІ 
Махамбетова Гулмира Әбдіқадірқызы 
Ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлы - әрбір қазақ тағзым етуге 
тиіс тұлғалардың бірі. Ғалымдық, ұстаздық, ақындық, қайраткерлік 
жолындағы сара жолы әлі күнге дейін халқымызға қызмет етіп келеді. 
Айналасына білім нәрін шашқан ағартушы қараңғылықтан жарқ етіп шығып, 
ұлтының сауат ашуына, білім алуына орасан зор үлес қосты. Ағартушының 
қай еңбегін алсақ та, әлі күнге құндылығын жойған емес. Ағартушылық 
бағыттағы педагогикалық еңбектерін жаңа заманға бейімдеп, қазіргі білім 
беру жүйесіне енгізуді бастау керек. Тіл ғылымына, әдебиетке, оқыту 
әдістемесіне жасаған еңбектерінен мұғалімдерге арналған әдістемелік 
құралдар дайындалса, орынды болары сөзсіз. «Мұғалім әрдайым ізденісте 
болса ғана шәкірт жаны нұр алады» деген ұлт ұстазының сөзі босқа 
айтылмаған. Шынында, ел болашағы – балаларға білім-тәрбие беретін әрбір 
мұғалім өз білімі мен біліктілігін қашанда шыңдап, дамытып отыру керек. 
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіріп отырудың маңыздылығын нақты 
білгеннен болар, қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелерін 
қарастырумен қатар, пәндерді оқыту әдістемесінің іргетасын қалады. Қазақ 
тілін оқыту, үйрету, дамыту жайлы «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Методика 
мәселелері», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы» сияқты еңбектері 
бүгінгі күннің талабына сай жаңартып пайдалансақ болады.
Оқушыларға қазақ тілінің практикалық грамматикасын үйретуді 1929 
жылы жарық көрген «Тіл жұмсар» еңбегінде анық көрсетеді. Осы еңбегінде: 
«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы 
дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге 
түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге 
ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан да жеңіл болмас еді. Біздің 
заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет