0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет235/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

186 
 
дәрежеге жеткен заман » дегенді айтады. Ағартушының бір ғасыр бұрын 
жасалған тұжырымы әлі де өз құнын жойған жоқ. Адамдар бір-бірімен 
ауызекі сөйлеуден гөрі жазуға көп көңіл бөлетінін түсінген ол хат таныту, 
жазуға үйрету мәселелеріне басымдық береді. Сол заманда қозғалған бұл 
мәселе қазір де өзекті. Себебі қазіргі таңда, расымен де, адамдар ауызекі 
сөйлеуден гөрі жазғанды жөн көреді. Әсіресе, әлеуметтік желінің қолданысы 
кеңейген сайын Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «жазумен сөйлесу ауызбен 
сөйлесуден артық» боп бара жатыр. Сонымен қатар жазу, жаза білу – 
шығармашылықтың щыңы деп есептелетіні бар. Қазіргі таңда, білімді 
бағалау, тіл біліктілігі, жұмысқа қабылдау дегендер жазылым жұмыстары 
арқылы, әсіресе, эссе жазу арқылы жүзеге асып жатқанын бәріміз білеміз. 
Сондықтан оқу бағдарламасына да жазылым жұмыстары көптеп енгізілді. 
Жазба жұмыстары әңігімелеу, түсіндіру, сипаттау, дәлелдеу, еркін жазу 
мақсатында беріледі. Білім сапасын көтеруде жазылым жұмыстарының
эссенің маңызы зор. Ахмет Байтұрсынұлы: «Сауаттылық негізі жазу 
екендігін сауаттылықтың шыққан жолы да көрсетеді. Сауаттылықты оқу 
мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтажы тудырған. Мұқтаждық жазуды 
тудырған, оқу жаза білумен бірге қосыла біліп кететін қосалқы күйдегі асылы 
жазу болып, оқу соның бетіндегі нәрсе болып шығады. Осы айтылғандардың 
бәрі сауаттылық негізі оқу емес, жазу екендігін сипаттайтын дәлелдер» деуі 
бекер емес. Жазу арқылы, жазылым жұмыстары арқылы адамның сауаты 
көрінеді. Оқытудың белсенді әдістерінің өзі көбіне жазу арқылы беріледі. 
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқулықтарда да жазылым 
тапсырмалары көп қамтылған. Демек Ахмет айтқан сауаттылықтың негізі – 
жазуда.
Шынында, жазылым - білім алушының нәтижесін көрсететін, 
оқытушының өнім алатын дағдысы. «Жазу- біздің ойымызды тілге 
аударушы» деген екен ойшыл Байрон. Яни жазылым дағдысының оқу 
бағдарламасына енуі бекер емес. Мысалы, «Ақыл картасы», «Бес жолды 
өлең», «Технологиялық карта» әдістерін барлық пәнге қолдануға болады. Ал 
өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде «Ақыл картасы», «қабырғаға қарап оқу», 
«ПОПС формуласы», «5 сұрақ әдісі», «FILA» кестесі т.б оқытудың әдістерін 
қолданамын. Мысалы, «Ақыл картасы» әдісін ғалым Т.Бузан ұсынған. Бұл 
материалды тез, көп күш жұмсамай есте сақтауға көмектеседі. Бұл 
тапсырманы жеке де, жұптық және топтық жұмыс ретінде беруге болады.
1. Мәтінді тыңдайды.
2. Тірек сөздерді тарату.
3. пікір білдіру
4. Әр пікірге дәлел жазу 
«Сөз cандық» әдісі арқылы сөздердің орнын басқа сөзбен алмастырып, 
қолданып көруге үйретуге болады. Яғни оқушы синоним сөздерді дұрыс 
қолдана алуды меңгереді әрі сөздік қоры көбейеді. Алдымен, оқушы 
мәтіндегі тірек сөздерді, сөз тіркестерін теріп алады. Сол сөздердің орнына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет