Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ахмет Байтұрсынұлы Тіл – құрал Астана, 2009, 3-б
2.
Ахмет Байтұрсынұлы Тіл – құрал Астана, 2009, 6-б
3.
Баулу мектебі. Жаңа мектеп. – 1925, №1
4.
Ана тілі әдісі. Жаңа мектеп . 1928, №9
5.
Мектеп керектері. «Қазақ газеті», 1914 ж
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОРЫ
Таласова Жанар Жүсіпқызы
Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орнын, оның әлеуметтік- қоғамдық
істерін, дүниетанымындағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс
189
көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі- Сәкен Сейфуллин. Ол 1923
жылдың 19 қаңтарында шыққан «Еңбекші қазақ» газетінде «Ахмет
Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді:
«Ахмет Байтұрсынұлы- қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың
арасынан шыққан , өз заманында арам қулықты патша атарман-
шабармандарының қорлығына, мазағына түскен , халықтың намысын
жыртып , дауысын шығарған кісі . Өзге оқыған мырзалар шен іздеп
жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп , ұйқы басқан қалың қазақтың
ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз- ақ
Ахмет еді. Ол қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды». Бұл Ақаңа
берілген зор баға еді.
Түркістан Республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық
партия комитетінің газеті «Ақ жол», 1923 жылы 4 ақпанда шыққан 270-
санында: «Қазақтың дыбысына , сөзіне арнап әліппе шығарып, тіл һәм оқу
құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ахмет еді.
Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда,
бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді»,- деп жазылған.
Зерттеушілердің пікірі бойынша Ахмет Байтұрсынұлын қазақтың ұлы
реформаторы деуге негіз бар.
Қазақтың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен қызметінің
көрнекті саласы -оның ақындық, аудармашылық еңбегі.
Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне , сезіміне әсер ету
жолдарын іздеген ақын , айналып келгенде , ұлы Абай тапқан соқпақ орыс
әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.
Бұрынғы ескі ертегі , хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма- мысал
арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы - жан- жануар өмірінен
алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван
Андреевич Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен
1909 жылы Петербургта бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшініші жағынан
қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың
төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін- дүркін,
Тартады Аққу- көкке , Шаян- кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, - деп өлең басталып,
ақын мысал соңында оқырманға қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді
өз жанынан қосады:
|