190
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас,
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,- деп елді тұтастық , ынытымақ жалауының
астына шақырады.
Әр түрлі аңдар , әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым
жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы , заман қабағына
қатысты көптеген жайттарды, әсіресе патша отаршылырының зорлық-
зомбылығы , жуандардың , байлардың тепкісі , елдің азып- тозуына
байланысты сарындарды ақын жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық,
дәл айтады.
Сондай мысал өлеңі «Егіннің бастары» 5-сыныптың қазақ әдебиеті
оқулығында берілген.
Елде көп бұл бидайдай адам, - деді,
Тәкаппар , оны халық жаман, - деді,
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның ,
Тұтынба бұл мінезді, балам ,- деді.
Мысалдың түйіні арқылы оқырманға ой салып, жаман мінезден аулақ болуға
шақырады.
Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде әділетсіздікке , патша өкіметінің
саясатына қарсы наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін Ахмет
Байтұрсынұлы бақылауға алынады да, 1909 жылы шілде айында Семей
түрмесіне қамалады. Кейін оны қазақ жерінен тысқары жерлерге жер
аударуға үкім шығарылып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңғы
айларына дейін Орынбор қаласында тұрады. Бірақ бұл кезеңде де өзінің
қоғамдық- саяси , мәдени және әдеби өмірге араласуын тоқтатпайды.
1911 жылы Орынборда ақынның «Маса» атты өлеңдер және аударма
мысалдар жинағы басылып шығады.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап сары , аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен ,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? - деп, қалың қазақты оятпақшы
болады.
|