0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет241/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

192 
 
Ахмет Байтұрсынұлының ғалым- теоретик, эстетик- сыншы тұлғасын 
айқындап беретін күрделі , толымды , жаңашыл туындысы «Әдебиет 
танытқыш» еңбегі 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шығады. 
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық 
арналары , басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы 
кітапта берілген. 
Автор өнер атаулыны тірнек өнері мен көрнек өнері деп екі ұлы топқа бөліп 
алады, сөзін былай жалғастырады: 
«Көрнек өнері бес тарау болады:
Бірінші - үй салу өнері , екінші- сурет салу өнері , үшінші - кескін өнері, 
төртінші - күй тарту өнері , яғни әуез өнері, бесінші - нәрсенің жайын , 
күйін,түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері . Бұл сөз өнері болады, 
қазақша- асыл сөз, арабша- әдебиет, европаша- литература» -деп, анықтама 
береді.
«Өнердің ең алды сөз өнері саналады. «Өнер алды -қызыл тіл» деген қазақ 
мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан , сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін 
білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қалдарынша 
сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я 
кескінді суреттер болсын, қандай ән- күй болсын , сөзбен сөйлеп, суреттеуге, 
таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» -деп, «Әдебиет 
танытқыш» кітабының 2 бетінде айтып өтеді. 
Сонымен қатар өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ толғаулары , бунақ, 
буындар, ағындар, тармақ кезеңдері , ұйқастар- осы тектес өлеңтану 
категориялары «Әдебиет танытқышта» жасалады. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш 
әдебиет теориясын жазған ғалым ретінде тарихта қалды. 
Ахмет Байтұрсынұлының ақын , публицист, ғалым, қоғам қайраткері 
санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа 
сенген үгіт- арманы - баршасы осы ұлы миссияны орындауға , туған халқы 
үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет