1. А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері 1.1А.Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына
бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады.
Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетiмiз бен ғылымымызға қалтқысыз берiле
қызмет сiңiрген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан
тапқан жан. Ахаң – күрделi тұлға, зерделi ғалым.
Күрделi болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең бiлiп
толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы.
Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмiрдiң қай
саласында да өз пiкiр-толғамын, бағдар-бағытын бiлдiрiп келедi. Осыншама
санқырлы қызметiн жазған еңбектерi арқылы жалпылама тiзбелеп жеткiзуге
болар, бiрақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де
мәдениетiмiзге орасан еңбек сiңiрген адам ер жасы елуге келiп отырған
шағында, бiз оның қазақ әдебиетi мен халық ағарту iстерi саласындағы
қайталанбас қызметiн атап өтуге өзiмiздi парыздармыз деп санаймыз.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының әлеументтiк өмiрi мен мәдениетiнде
Қазан революциясына дейiн де, одан кейiн де аянбай адал қызмет еткен iрi
қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор тұлға. М.Әуезовтың
сөзiмен
айтқанда,
қазақ
халқының
«рухани
көсемi»
болған
А.Байтұрсыновтың ұлағайыр еңбегi сан саладан көрiнедi.
Ол – ең алдымен қазақ балаларының ана тiлiнде саутын ашып, анры қарай
қазақ тiлiнде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер.
Осы мақсатты орындау үстiнде ол қазақ тiлiн, оның дыбыстық жүйесi мен
грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеушi, әрi сол