195 зерттушiнiң негiзiнде «Әлiппе» мен тұнғыш ана тiлi оқулықтарын жазған
автор. Сонымен қатар А.Байтұрсынов – өз халқының саяси, мәдени, рухани
және әлеументтiк өмiрiнiң сан-саласына көз тiгiп, тiкелей араласқан iрi
публицист, қоғам қайраткерi А.Байтұрсынов – өнер иесi – ақын; қазақтың
тiлiн емес, әдебиетiн де мәдениетiн де зерттеушi ғалым. Сондықтан
А.Байтұрсынов қалдырған мұра да әр тектес. Олар көркем дүние – өлең
жинақтары «Маса» мен «Қырық мысал»; әдебиеттану саласынан жазылған
ғылыми еңбек «Әдебиет танытқыш», қазақ тiлiн оқыту үйретуге арналған
оқулықтар мен хрестоматиялар, оқыту әдiсiне арналған методикалық
құралдар; оқу – ағарту проблемасын сөз ететiн мақалалар, графика мен
терминология мәселелерiн әңгiмелейтiн мақалалар мен баяндамалар…
Демек, А.Байтұрсыновтың бұл бай мұрасын бiр тектi басылын етiп ұсыну
мүмкiн емес.
А. Байтұрсыновтың – алған бiлiмi, мамандығы жағынан професионал
лингвист емес едi. Оны тiл бiлiмiне алып келген, оқу – ағарту iсiн жолға қою,
халықты жаппай сауаттандырып көзiн ашу. Сол арқылы қазақ халқын ұлттық
тенсiздiктен құтқару мақсаты болатын.
Осы бай мұраларының iшiнде көлемi жағынан да, көздеген мақсаты жағынан
да молы – тiл мен оқу – ағартушыға қатысты мұралары. Әзiрге жинаған
мәлiметтерге қарағанда А.Байтұрсыновтың өз қолынан 15-16 кiтап жарық
көрген болса, солардың 11-12-сi тiл мен методикаға қатысты екен. 1910
жылдан бастап А.Байтұрсынов қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса
бастайды. Сол күнге дейiн өзге түркi халықтары сияқты, қазақтар да
пайдаланып отырған арап таңбалары таза сол күйiнде қазақ тiлi үшiн
қолайлы емес екендiгiн бiлiп, оны қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiне икемдеп,
қайта түзудi қолға алады. Ол үшiналдымен қазақ тiлiнiң фонетикалық
құрамын зерттеуге кiрiседi.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тiлiнде) өмiрбаянында «1901
жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетiмен
бiлiмiмдi толықтырдым, әдебиетпен шқғылдандым. Ал Орынборға келгеннен
кейiн ең алдымен қазақ тiлiнiңдыбыстық жүйесi мен грамматикалық
құрылысын зерттеуге кiрiстiм. Одан кейiн қазақ алфавитiн және емлесiн
ретке салып, жеңiлдету жолында жұмыс iстедiм. Үшiншiден, қазақ жазба
жұмысын бөгде тiлдiк қажетсiз сөздерден арылтуға, синтаксистiк құрылысын
өзге тiлдердiң (жағымсыз) әсерiнен тазартуға әрекеттендiм. Төртiншiден
қазақ прозасын (яғни iс қағаздар тiлiн, публицистика мен ғылыми тiлiн)
жасанды кiтаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжiрибесiне икемдеу
үшiн, ғылыми терминдердi жасауға кiрiстiм және стильдiк өндеу үлгiлерiн
көрсетумен шұғылдандым» деп жазады
Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi мен оны таңбалайтын әрiптер тунралы пiкiрлерiн
ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетiнiң беттерiнде
бiлдiре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмiрлерiнде «Шаћзаман
мырзаға» атты көлемдi мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын бiлдiрмейтiн,
араб тiлiне ғана тән таңбаларын қазақ алфавитiне еңгiзу керектiгiн, сөздiң