198 Қазақ тiлiнiң морфологиясына арналған II – бөлiмi бұдан 1 жыл бұрын 1914
жылы баспадан шықты. Ол да қырналып, толықтырылып баспадан бiрнеше
рет шықты (1927 ж. 6 басылым).
Синтаксиске арналған III – бөлiмi де 1916 жылдан бастап 6 рет басылған.
«Тiл - құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш мектепке, яғни
алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкiрттерге арналғанмен, бұл қазақ тiлiнiң
фонетикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тiлiнде
тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулықтар – «қазақ тiл бiлiмi»
атты ғылым саласының ана тiлiмiздегi бастамасы едi. Өйткенi қазақ тiлiнiң
дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз
тұлғаларын көрсетуде де, сөздердiң септелу, тәуелдену, жiктелу тәртiбiн
танытуда да, сөйлем түрлерiн ажыратуда да күнi бүгiнге дейiн
А.Байтұрсыновтың атаған оқулықтарының негiзi сақталып келедi.
Ғылымның тiл үйретудегi жасаған еңбегi қолданбалы грамматикамен
жалғасады. Бұл жұмысын «Тiл жұмсар» деген атпен екi бөлiмдi кiтап ретiнде
1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарды. Жұмыстың III бөлiмiн де жазуға
тиiс болғанмен, сiрә, оны жазып жарыққа шығарып үлгермей, 1929 жылы
ұсталып кеткенi байқалады. «Тiл жұмсардың» 35 беттiк I – бөлiмi «сөйлеу,
оқу, жазу тiлiн жұмыс тәжiрибесi арқылы танытатын кiтап» деп ұсынған.
Текстермен, сұрау – жауаптармен т.б жұмыс жасау көзделген. Ал, екiншi
бөлiмiнде бiрiншi бөлiмдегi бiлiмдi тереңдетiп, кеңейтiп бiлдiру ретiнде
тапсырмалар берiледi. Осыдан кейiн А.Байтұрсынов сауат аштыру, тiлдi
оқыту методикасын жасауды мiндетiне алып, ол үшiн «Баяншыны», «Әлiппе
астарын» жазған. Балалардың тiлдерiн ұстартып, оларды көркем сөзге
баулуды көздеп, Т.Ш.Шонановпен бiрiгiп, үлкен хрестоматия (ол да «Оқу
құралы») құратырған. Бұл оқулықтар тек оқулықтардың басы емес, қазақ
тiлiн ана тiлiмiзде танудың басы болды. «Қазiргi қазақ тiлi» саласының iрге
тасы болды.
Тiлдiң әр категориясының классификациясынан бастап, бүкiл терминдерiне
дейiн қазiргi мектеп грамматикасынан А.Байтұрсыновтың оқулықтарының
iзiн табуға болады.
Қазақ тiлiн талдап, тануда А.Байтұрсыновтың еңбегiн бiр тұрғыдан ерекше
атау керек. Ол термин жасаудағы iс әрекетi. Ғалым қазақ тiлi фонетикасы мен
грамматикасына қатысты категорияларының әр қаисына қазақша термин
ұсынады. Осы күнi қолданып жүрген сөз таптары атаулары (зат есiм, сын
есiм сан есiм, т.б.), сөйлем мүшелерi атаулары (бастауыш, баяндауыш, т.б.),
сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, тыныс белгiлерi деген т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердiң басшысы А.Байтұрсынов бұлардың
барлығы дерлiк қазақ сөзiнiң, не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не
жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбi жасанды
сөздер. Бұлардың өте сәттi жасалғандығын күнi бүгiнге дейiн дейiн
қолданылып келе жатқан өмiр шеңдiгi дәлелдейдi.
Ахаң өзiнiң қуатын халықтың зәру мәселелерiне, күнделiктi қажеттiлiгiне
арнап, сарп еткен қаламгер. Өлең-мақалалары да, ғылыми да, ғылыми-