0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет256/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

205 
 
2.
Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізгі әдістердің 
бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады 
3.
Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер 
жалқылаулы-жалпылаулы 
немесе 
айырыңқы-жиылыңқы 
деп 
аталады. 
Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына 
қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына 
және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл 
категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін 
жасауда да басшылыққа алған жөн. 
Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегінде қазіргі әдістемеде білім 
алушының 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру, 
дамыту 
мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, 
тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де 
табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған 
соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар 
мұнда болмақ» – дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды 
жатқызады: 1) оқылым – оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым 
– сөйлеу үйрету. 
Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу 
құралының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, 
тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, 
құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұрақтарға жауап 
беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу 
арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақ тілін оқытуда жазбаша тілдегі сөздердің ауызша тілдегі 
қатынасы ескерілмей жатады. Білім алушылар әріп пен дыбысты ажырата 
алмай, бір үйлесіммен, бір ырғақпен айтылатын сөз тіркестерін жазба тілдегі 
нұсқамен айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың 
арақатынасы жайында Ахмет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл 
жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген 
мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді 
де естен шығармаған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы 
көрінеді, қайсысы естіледі ? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма? 
Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол 
дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу 
керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты 
айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді. 
Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын — мұғалім» деген 
екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен 
қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін 
дамытады. 
Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет