0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет257/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

206 
 
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында 
оқушының 
ізденімпаздығы, 
бейімділігі, 
жаңа 
нәрсені 
жасауда 
қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды. 
Білу - таным мен ойлау деңгейінің төменгі деңгейі. Бұл деңгей 
мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге 
бағытталады, 
мағлұмат 
пен 
деректердi 
еске 
түсiредi. 
Мысалы, 
грамматикалық ережелерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесе өткен 
сабақты еске түсіру. Түсіну – таным мен ойлау деңгейінің орта деңгейі. Жаңа 
материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. 
Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа 
материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан 
кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі. Қолдану – таным 
мен ойлау деңгейінің орта деңгейі. Бұл деңгей оқу материалын нақты 
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда 
ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, 
практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну 
деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Талдау – 
таным мен ойлау деңгейінің жоғарғы деңгейі. Оқу материалының құрылымы 
анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін 
ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, 
бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу 
материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша 
құралатындығын меңзейді. Жинақтау – таным мен ойлау деңгейінің жоғарғы 
деңгейі. Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған 
дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын 
жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. Бағалау – таным 
мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, 
ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді 
меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, 
пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау.
Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары 
бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде 
орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім 
деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды 
орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың 
арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой 
қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Оқушы 
білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. 
Ол өнімді деңгей деп аталады. Өнімді, шығармашылық деңгей – талдау, 
жинақтау, бағалау.
Мәтіндердің көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің 
шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды мәтіндердің 
мазмұнына терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет