0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет265/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

212 
 
Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-
құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-
дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. 
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда 
ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами 
қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және 
материалдық құндылықтар. 
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, 
ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне 
енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан 
болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де 
ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің 
қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. 
Ахмет Байтұрсынұлының арманы да осы еді, болашақ жастардың 
бойынан қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына дарытып
сусындап өскен отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен 
отаншылдыққа бауланған, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай 
қорғайтын тұлғаларды көру еді. Ахмет Байтұрсынұлының қай еңбегін алсаң 
да ұлттық құндылықтарға баса көңіл аударғанын көресің. 
Ахмет Байтұрсынұлы жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана 
отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің атқаратын қызметін ауыз 
әдебиетінің түрлерінде тоқталып айтып кеткен. 
Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда керектілігіне қарай жауап 
беріледі. Ертегінің керек орындары:1.Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден 
табылмақ.Олай болса ,ертегі тіл жағынан керек нәрсе.2.Бала әдебиеті жоқ 
жерде ертегі баланың рухын,қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе.Баланы 
қиялдандыруға,сөйлеуге үйретеді.3.Бұрынғылардың сана-саңдау, қалпы-
салты жағынандерек берумен керегі бар нәрсе. 
«Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз:»-деп атап жазып 
кеткен. 111 бет А. «Әдебиет танытқыш»
Ертегі жыр. 
«Батырлар еңбегінің құны қандай деген мәселеге келсек ,мұнда айтуы 
тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болған да, жан 
есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме-халықтың 
жаны,рухы турасындағы әңгіме.Батырлары қандай болса халықтың рухы 
жағы жағы да сондай болған.Ертек жырдағы батырлар сиатына қарасақ,ол 
жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында шыққандығын 
байқаймыз.Ошақ басы ,үй ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен 
азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін құрбан 
қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз.»-деп оқырманға батырларды 
халқына адал, халқы, туған жері үшін жанын да беруге дайын екенін айта 
кетіп , Қобландының ата-ананы, туысқан – туғанды, жарды крек қылмайтын 
тас бауыр, тас жүрек қасқыр сияқты тек қанішер, аң мінезді адам емес, шын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет