0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет261/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

209 
 
«адамдық диқаншысы» болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын 
орындады. 
Қазақтың ұлы ғұламасы А.Байтұрсыновтың халық үшін жасаған игі 
істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі – араб жазуына өзгерістер 
енгізіп қазақ әліпбиін құрастыру. Осы арқылы ғалам халқының тез 
сауаттанып хат тануына оқу-білімге деген құштарлықтарының оянуына 
ерекше ықпал етті.А.Байтұрсынов қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын 
жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап 
қолданысқа енгізді. Қазақ графикасының негізінде қазақтың мәдени 
дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып 
отырғандықтан, туыстықсипаты бар араб таңбаларын алады.Оны қазақ 
фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды 
алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, 
қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы 
дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, 
өзгелер « Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын 
түзеді.Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. 
Ұлы ағартушы А.Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана 
шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға 
арналғандай.Мұны әрбір оқытушы жадында сақтауы тиіс.Үздіксіз білім 
алып, білікті арттырып отырғанда ғана нәтижеге жете аламыз. 
А.Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб 
жазуы негізінде жасалған.Оның «Оқу құралы» 1912 ж – қазақша жазылған 
тұңғыш әліппелердің бірі.А.Байтұрсынов қазақ тілінің тазалығын сақтау 
үшін көп еңбек жасады.Ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен 
грамматикалық құрылысын зерттеді, қазақ әліпбиі мен емлесін ретке 
келтірді, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден 
арылтуға, қазақ мектептерінінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін 
пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. 
Оның «Тіл – құрал» атты оқулығықазақ тіл білімінің тарау-тарау 
салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу 
еңбегі.Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, 
дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды.Ол тұңғыш төл грамматикалық 
терминдерді қалыптастырды.Мысалы: зат есім, сын есім, етістік, есімдік, 
үстеу, құмалас сөйлем т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.Сондай-ақ
практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» 
деген әдістемелік кітаптар жазды. 
«Тіл – құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана 
тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, 
іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, 
танып-білу тарихымыздаА.Байтұрсыновтың «Оқу құралдары» мен «Тіл 
құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас 
қалаудағы А.Байтұрсыновтың тағы бір зор еңбегі – қазақ тіл білімі саласында 
терминдерді жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет