0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет262/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

210 
 
категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.Ахметтің айтуынша 
«көрнек өнерін» бес тарауға бөліп қарастырады. Сол бес тараудың ішінде 
қазіргі таңда біздің қолданып жүрген бесінші тарауымыз.Бұл тарауда 
нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз 
өнері болады. Өнердің ең алды – сөз өнері деп аталады. «Өнер алды – қызыл 
тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық 
болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан.А.Байтұрсыновтың айтуынша, сөз 
өнеріне жұмсалатын зат – сөз.Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне 
жұмсалған сөз шумағы да тіл я лұғат деп аталады.Ахмет шығарма тілінің екі 
түрлі болатынын атап кеткен. Оның бірі ақын тіл, екіншісі әншейін тіл. Бұл 
екі тілдің арасындағы айырмасы: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, 
анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығын, 
тазалығын, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды. 
Шығарма сөз өңді, ұнамды, болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары: 
1.Сөз дұрыстығы 
2.Тіл тазалығы 
3.Тіл анықтығы 
4.Тіл дәлдігі 
5.Ті л көрнекілігі 
Тілдің 
міндеті 
автордың 
айтуы 
бойынша 
– 
ақылдың 
аңдауынаңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін 
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл 
шама қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. 
Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген 
күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. 
А.Байтұрсынов – қазақ тілінің тазалығын сақтау мақсатында жан-
жақты зерттеулер жүргізіп, бүгінгі күнде маңызы жоғарықұнды әдістер 
ұсынып кеткен ғалым. 
Қазақ тіл біліміндегі инновациялық бағыттардың А.Байтұрсыновтың 
еңбектерімен сабақтастығы оның жазбаларында кездеседі.Тілді оқытуда әдіс 
түрлерін тиімді пайдаланып, жақсы жаманын қалай ажыратуда 
А.Байтұрсыновтың «..Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының 
керек қылуына қарай » деген тұжырымын басшылыққа алған абзал.Осы 
орайда «бүгінде мұғалімдер сол әдістерді ұтымды қолданып жүр ме?» деген 
сұрақ көкейге ұялайды.Мектеп балаларына арналған оқулықтарында 
А.Байтұрсынұлы иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен 
тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген.Автор жалпы оқулыққа тән 
«жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге» принципін 
ұстанып, білім беру бағдарындағы ерекшелігін нақтылаған.Бастауыш 
мектептің балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп беруді 
көздеген ғалым оқу материалдарына мысалдарды қазақ баласына таныс 
мақал-мәтел, нақыл сөздерден, мысалдардан ала отырып, оның тиімді әдіс 
екені зерделеген.Ұсынылған мысалдардың барлығы дерлік, адамгершілікті, 
адалдықты, еңбексүйгіштікті ұлттық құндылықтарға негізделген қасиеттерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет