0 Қызылорда, 2022


АХМЕТ ҚОЛДАНҒАН ӘДІСТІҢ БҮГІНГІ ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет254/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

АХМЕТ ҚОЛДАНҒАН ӘДІСТІҢ БҮГІНГІ ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІ 
С.Б.Құрманбаева 
« Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр ұялата алады»
Ахмет Байтұрсынов 
Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. 
Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу 


204 
 
болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның 
алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық 
қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты 
міндеттердің бірі.

Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан 
шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Білім беру 
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Бір нәрсе жасау үшін оған қажеттілік 
туындайды. Сол қажеттілікке жету үшін адам еңбектенеді. Қажеттіліктен 
туындаған еңбек, іздену арқылы келген нәрсе өз мақсатына жетіп, жемісін 
береді. 
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырмаларды артып 
отыр. Ғасырдың басында «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, 
жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен 
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп жазды 
реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында. 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін 
қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік 
мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың 
сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні 
бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған 
құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын 
нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына 
қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз. 
Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің 
ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум 
таксомониясының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет