0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет252/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

202 
 
Сібірге айдалды. Осы оқиға Ахметке бала кезінен –ақ қоғамдағы әлеуметтік 
теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес із қалдырғанын оның «Анама хат» 
өлеңіндегі: 
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,- деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 
жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі 
Батпақты болысындағы А.Қопсықбақовтың ауылнай школында, /7/ одан соң 
Қостанай уезі Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен 
Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс – қазақ школында мұғалім болды. 
1886 жылы Ахмет Омбыға барып А.Е.Алекторовпен танысады. Осы жерде 
А.Е.Алекторовпен араласа келе, оның ішкі саясатын айқын аңғарады да, оны 
Н.И.Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. 
Ахмет 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс-қазақ школында, 
одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады. 
Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде-ақ, оның дүниеге деген 
саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің 
«Қырық мысал» атты еңбегін жазады. 
Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде тоғыз айдай отырып 
шығуы А.Байтұрсыновтың өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық –саяси күреске 
ертерек араласуына тура келді. 
Ол туралы белгілі ғалым К.Нұрпейіс: «... ХХ ғасыр басында өрістей бастаған 
қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыс өз алдына әуел бастан жалпы 
ұлттық–демократиялық мақсат–міндеттерді қойды. 
Бұл істің басы–қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар 
жүрді. 
Олардың Ә.Бөкейханов бастаған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық 
мүдделерін білдіретін қоғамдық – саяси ұйымдар құрып, солар арқылы 
өлкедегі буржуазиялық – демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты 
басқаруға талпынды. Солардың қатарында А.Байтұрсынов та болды», /8/ - 
дейді. 
А.Байтұрсыновтың 
ағартушылық-педагогикалық 
көзқарасының 
қалыптасып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918 
жылдар арлығындағы «Қазақ» газетінде редакторлық қызмет атқаруы. 
Бұл қызметті атқару барысында А.Байтұрсынов қоғамдық және саяси - 
әлеуметтік жағдайларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 
Оған ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған 
сол «Қазақ» газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. 
Мәселен, А.Байтұрсынов осы газет бетінде 1913 жылы «5 мың десятина 
жер», «Жауап хат», «Қазақтың бас ақыны», «Алаш азаматтарына» 
(М.Дулатовпен бірге), 1914 жылы «Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері», 
1916 жылы «Қазаққа ашық хат», «Сібір депутаттарының мәжілісінде», 
«Қазақ жұртына» (Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге), «Торғай һәм Ырғыз 
уезінің халқына» (М.Дулатов, Тұнғаншин, Кәдірбаевпен бірге), 1971 жылы 
«Шорай Ислам» (Ә.Бөкейхановпен бірге) /9/ және т.б. жазған мақалаларында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет