0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет249/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

199 
 
зерттеу еңбектерi де халық ағарту iсiне бiрден-бiр қажеттi, өнегелi жолдың 
басы болған дүниелер. қазақ халқы үшiн Ахмет жасаған әдеби дүниенiң 
көркемдiк-әлеуметтiк таным әлемiнiң әсерi ғаламат. Оның «Маса» мен 
«қырық мысал» кiтаптары шыққанда халайық қалай қуанышпен қарсы 
алғаны есiмiзде. [9]
Ахмет Байтұрсынов (1873 - 1938) қазақтың халық педагогикасын жан –
жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің 
шамшырағы болды. 
Қазақ этнопедагогикасының арқауы – ауыз әдебиеті мен халықтың салт-
дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтың салт –дәстүрлері – ұлттық 
тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, әдебиет 
зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің 
іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты 
көсемсөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама –
Ахмет Байтұрсынов жан –жақты зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми – 
теориялық негіздерін жасады. 
Ахмет Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық - тәрбиелік мәнін 
жоғары бағалады. Ол 1895 жылы «Торғай газетінің» («Тургайская газета») 
24-қыркүйектегі №39 санында «Қазақтың болжамдары мен мақалдары» 
(«Киргизские приметы и пословицы») деген мақала жариялап, онда 
шаруашылық жайына өнеге – нұсқа ретінде айтылған халық сөздерін (36 
болжам) және даналық мақалдарды келтіріп, халықтың данышпандық 
тұжырымдарын тәлім-тәрбие ісіне пайдалануға ұсынды. 
1926 жылы Мәскеуде жарияланған Ахмет Байтұрсыновтың «Жоқтау» деген 
жинағында қазақ халқының 400 жылдық тарихында дүние салған ұлы 
адамдардың қайталанбас қасиетті бейнелерін көрсететін, олардың үлгі-
өнегелерін баяндайтын жоқтау жырларын ілтифатпен іріктеген ұрпақ 
тәрбиесіне таптырмайтын тарту ұсынды. Одан бұрын Ахмет Байтұрсынов 
1923 жылы Мәскеуде «Ер Сайын» атты қазақтың батырлық жырларын 
бастырып шығарып, кітаптың алғы сөзінде, түсініктемелерінде батырлық 
жырлардың тәрбиелік мәнінің зор екенін дәйектеп, дәлелдеді. 
Ұлы ғұлама 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» деген кітабында 
қазақ әдебиетінің теориялық негіздерін жасаумен қатар қазақ әдебиетінің 
қызыл арқауы – ауыз әдебиеті екенін дәлелдеп теорияны айқындайтын 
мысалдарды, негізінен қазақ ауыз әдебиетінен алып көрсетті. 
«Әдебиет танытқыш» атты осы оқу құралында Ахмет Байтұрсынов көрнек 
өнерді (көркемөнер) бес тарауға (сәулет, сымбат, суреттеп көрсету, әуез, сөз - 
өнерлері) бөліп, содан сөз өнерін (қазақша – асыл сөз, арабша - әдебиет) 
саралап талдайды да, сөз өнерінің ғылыми тұжырымдарын жасайды: «Бір 
нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз 
арқылы жақсылап айта білсек, сол - сөз өнері болады»,/3/ - деді. 
Зерделі зерттеуші ауыз әдебиетінің салаларын: ертегі, ертегісымақ (аңыз 
әңгіме), өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр үміт өлең (мақтау, құрметтеу, 
құттықтау), толғау, терме салаларына бөліп, әрбір салаға ғылыми 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет