0 Қызылорда, 2022


А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына



Pdf көрінісі
бет251/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

1.2.А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына 
ықпал еткен қоғамдық және саяси-әлеуметтік жағдайлар
Х!Х ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына 
тұтастай бағынуы, жер-жерлерде әскери бекіністердің, сауда- саттық 
өркендеген қалалардың салынуы, орыс шаруаларын қоныстандыруы т.б. 
саяси-экономикалық қарым-қатынастар, қалыптасып қалған көшпелі 


201 
 
халықты бірден отырықшылыққа қазақ халқына едәуір әлеуметтік-
психологиялық кері әсер етті. 
«Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру 
шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет 
аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі 
енгізілді. Өйткені, патша өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының 
бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі 
жолы – мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз /5/. Осындай мақсатты іске 
асыра бастаған Ресей миссионерлері мұсылман елінің бірлігін ыдырату, 
халықты дінінен, тілінен айыру, бұратана халықтарды шоқындырып, ата-баба 
салтынан, дәстүрінен қол үздіріп тоз-тозын шығару үшін ғасырлар бойы 
қолданып келе жатқан алфавитін жойып, мұсылмандық мектеп-медреселерді 
жоғалтып, орыс-қазақ мектептерінің санын көбейтіп, оларды бірте-бірте таза 
орыс тілді мектептерге айналдыруды көздеген алуан түрлі сұрқия істерін 
жүргізді. Патша өкіметінің мұндай саясатпен ашқан мектептері қазақ 
халқының 
ұлттық 
ерекшелігіне, 
мәдениетіне 
үйлеспеді. 
Себебі, 
отаршылдардың басты мақсаты – қазақ халқын сауаттандырып, көзін ашу, 
білімді болуын қамтамасыз ету емес, жазба мәдениетінен ажырату болатын. 
Ұлттық мектептердің азаюы, әлсіреуі осындай отаршылдық саясаттың 
күшеюінің нәтижесіне байланысты еді. Мұндай саясаттың белең алуына 
қарсылық білдірген алғашқы қазақ ағартушысының бірі – А.Байтұрсынов 
болды. 
Осы ғасырдың аяқ кезінде қазақ мектептері құрылымына байланысты 
екі түрлі көзқарастар туындады. Алғашқылары – орыстандыру, шоқындыру, 
ұлттық дін мен тілден, мәдениеттін қол үздіруді көздеуші миссионерлер, ал 
соңғылары – орыс халқының озық идеяларын негізге ала отырып, халқының 
дүниежүзілік білімді игеруін қалаған ұлт ағартушылары болды. 
Осындай озық идеяның жүзеге асуы үшін қызмет еткендердің бірі – 
А.Байтұрсынов еді. Ол халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын 
арнаған «ұлтжанды» азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет 
отбасында қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне 
ұшырауы, қоғамдық - әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарына 
тікелей ықпал етті дей аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей 
империясының отарлау саясатымен тұстас келді. 
А.Байтұрсыновтың немересі С.Кәкішев «Ахаң туралы ақиқат» /6/ атты 
ғұмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері 
болғанға дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келе, былай дейді: «Ахаңның 
тұқымында ер мінезді адамдар көп болған. Байтұрсынның әкесі Шошақ 
күшті, мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын турашылдығымен 
ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын қыстау күндерінде халқының 
мәдениетін, мұңын жоқтап сырттан болған әр түрлі шабуылдан қорғап, талай 
шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, ақылдылығы туралы 
әңгімелер ел арасында кең тарап кеткен». Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің 
начальнигі Яковлевті көрсеткен озбырлығы үшін сабап басын жарғандықтан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет