0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет35/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

30 
 
сатып, тілмаш болып, арларын сатып, ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ 
ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды. Қалай болса да, жазушысы аз ғана, 
әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу хәм тіл құралдарымен қылған 
қызметі таудай». Ахмет атамыздың әдебиет майданында есімін асқақтатар 
болсақ, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету 
жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан аударма жасау дәстүріне мойын 
ұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма 
– мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар 
өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету 
мақсатымен Иван Андреевич Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық 
мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Бір 
жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан 
қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді төл 
дүниесіндей етіп жіберді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейпінен хабар 
беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр 
сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе патша 
отаршылардың зорлық-зомбылығы, байлардың, жуандардың тепкісі, елдің 
азып-тозуына байланысты сарындарды А.Байтұрсынұлы жұмбақтап, 
тұспалдап жеткізеді, кейде ашық дәл айтылатын ойлары да кездеседі. Алуан-
алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», 
«Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Ат пен есек» мысалдарында 
әлеуметтік-қоғамдық 
жағдайларды 
меңзейтін 
оқиғалар, 
адамдар 
психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол 
орын алады. Аудармашы негізгі түп нұсқа мәтініне орайластырып, көркем 
ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады. 
Ақын аудармаларында сюжет сақталғанмен еркіндік басым, қазақ тұрмысына 
жақын идеялар, заман тынысын таңытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі 
қысқа болғанымен аудармашының аудармасы ұзақ болып келеді. Мысалы, 
«Өгіз бен бақа» орысшада-17, қазақшада-36 жол, «Қасқыр мен тырна» 
орысшада-19, қазақшада-76 жол, «Қасқыр мен қозы» орысшада — 37, 
қазақшада-68 жол. Бұдан біз Ахмет атамыздың жаңа, ұлттық төл туынды 
жасағанын көреміз. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа 
шығады. Мұнда Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр 
жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел 
тағдыры, халық қамы, бостандық арманы басты сарын.«Маса» кітабына 
енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен 
әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі 
күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз 
басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған боз бала», «бір тойғанын ар 
қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар» сыналады. «Туысыма», 
«Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын 
еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат», «Жауға түскен 
жөн сөзі» — қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында 
бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. Қарқаралы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет