«Адамзаттың мәдени мұрасын сақтау жолдары» тарауы бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма:
Мәтінмен таныса отырып, келесі тапсырманы орында. ЮНЕСКО тізіміне енген Қазақстан Республикасының 3 нысанын ата.
ЮНЕСКО-Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым. Ұйым 1945 жылы құрылды. Оның негізгі мақсаты- ортақ құндылықтарды құрметтеуге негізделген және өркениеттер, мәдениеттер мен ұлт арасындағы диологке жағдай жасау. ЮНЕСКО тізімінде Қазақстан Республикасының 5 нысаны бар. Үш нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілген, олардың біреуі адамзат жасампаздығының қайталанбас туындысы деп танылған, ал 2 нысан табиғи талаптар бойынша енгізілген. Бұған қоса, 2017жылғы жағдай бойынша Қазақстан аумағындағы 13 нысан дүниежүзілік мұра тізіміне үміткерлер ретінде тіркелген.
1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі_________________________________________________________
2 .Тамғалы петроглифтері
3.Сарыарқа
2. Берілген мұражай типологиясын сипаттап жазыңыз.
№
|
Мұражайлар типологиясы
|
Анықтамасы
|
1
|
Палеонтологиялық мұражай
|
Қазақстанның түпкір-түпкірінде орналасқан тас дәуірі ескерткіштерінен жиналған қалақшалар,қырғыштар қойылған.Олардың ішінде найзаның ұштары,қырғыш,қалақша т.б.
|
2
|
Көркемсурет мұражайы
|
Бейнелеу немесе сәндік қолданбалы өнердің кескіндеме мүсін және т.б жинақтап көрсетеді.Бұл үлгідегі мұражай заманауи немесе өзекті өнердің көркемсурет галереялары,ірі көркем сурет мұражайлары қосылады.
|
3
|
Этнографиялық мұражай
|
Этникалық қауым-дық дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетпен тұрмыс заттары жинақталған.
|
4
|
Тарихи мұражай
|
Тарихи құжаттар,ескерткіштер,материалдық және рухани мәдени заттар ел назарына ұсынды.
|
5
|
Салалық мұражай
|
Белгілі бір саланың медицина,көлік,машина жасау т.б. туралы әңгімелейтін жәдігерлер жиналған.
|
6
|
Өлкетану мұражайы
|
Жекелеген қалаларда немесе облыстарда құрылады және осы қала немесе облыс халқының тұрмысы мен тарихын,мәдениеттік мүмкіндігін береді.
|
3. Тарихи фактілердің «ақиқат» не «жалған» екеніндігін анықтаңыз.
№
|
Тарихи фактілер
|
Ақиқат
|
Жалған
|
1
|
1941-1945жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Эрмитаж жинағының негізгі бөлігі Оралға эвакуцияланды.
|
Ақиқат
|
|
2
|
Лувр мұражайы дүниежүзіндегі ең жас және танымал мұражай.
|
|
Жалған
|
3
|
Британдық мұражай жәдігерлері: Ежелгі Египет және Нубия, Ежелгі Шығыс, Шығыс және Оңтүстік Азия, Африка, Месоамерика, Мұхиттық аралдар, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, Ұлыбритания және құрлықтық Еуропа, кескіндеу мен гравюра жинақтамаларына бөлінген.
|
Ақиқат
|
|
4
|
Метрополитен мұражайында фотасуреттердің ең үлкен коллекциялары бар.
|
Ақиқат
|
|
5
|
Токио мұражайы 2000 жылы салынды.
|
|
Жалған
|
6
|
Египет ұлттық мұражайында: Тутанхамон қазынасы, әртүрлі дәуірлердің зергерлік әшекейлері мен Танис жәдігерлері, әулеттікке дейінгі кезең мен ежелгі патшалық; кейінгі және эллиндік кезеңдер; Папирустар мен монеталар; саркофагтар.
|
Ақиқат
|
|
7
|
Нұр-Сұлтан қаласындағы, Ұлттық мұражай дүниежүзіндегі ең үлкен мұражай болып есептеледі.
|
|
Жалған
|
Достарыңызбен бөлісу: |