02 «А» Тіл дамыту «Сандық» «Не артық»



бет5/14
Дата10.10.2020
өлшемі24,42 Kb.
#64132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Көрнекіліктер: жаңаша киімдер, ұлттық киімдер, хаттама.

Ойын шарты: Хаттамаға салынған әр түрлі киімдердің үлгілері балаларға қаратылып беріледі. Балалар киімдерді және ұлттық киімдердің аттарын атап, оларды қашан, қайда киюге болатынын айтады. Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Тіл дамыту

6. «Үй жануарлары».

Мақсаты: Балаларды үй жаунарлары мен төлдерді ажыратуға , олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп, оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Балаларға тілдің грамматикалық дұрыс құрылымдарын қолдануға, сөздік қорын молайтуға баулу.

Көрнекілік: Үй жануарларының, төлдердің суреттері.

Ойын шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.

Тіл дамыту

7. «Жалпы атауын ата»

Мақсаты: Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең сонында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу. Таныс ойыншықтары жөнінде шағын әңгіме құрастыра отырып, шығармашылық тілдік қызметін дамытады.

Көрнекілік: Жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.

Ойын шарты: Балалалрға хаттаманын ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары суреттері бар бірнеше сериалы дидактикалық материалды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Сонан соң, өзінің топтағанын балалар дәлелдеп айтуы тиіс. Мысалы: алма, өрік, алмұрт – жемістерге жатады. Өтйкені олар – жеміс ағаштары.

Тіл дамыту

8. «Телефон».

Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет