Көрнекіліктер: Телефон.
Ойын шарты: Телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефон үзген бала айыбын төлейді. (Мысалы: мақал, өлеі, т.б. белгенін айтуға болады).
Телефон арқылы екі бала:
Алло, алло!
Иә, тыңдап тұрмын.
Мен Асқармын.
Ал, мен Саматпын.
Не істеп жатырсың?
Мен ойыншықтарды жинап жатырмын. Т.с.с.
Тіл дамыту
№ 9. «Сөйлемді жалғастыр».
Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп тапқырлыққа баулу. Сөздерді орынды қолдану арқылы тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |