05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін



бет78/81
Дата07.02.2022
өлшемі260,12 Kb.
#83635
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
071d3acd-7f13-11e5-8348-f6d299da70eeФЭМП каз

Балаларды ұзындықтың жалпы қабылданған өлшем бірліктерімен таныстыру
Балаларды шартты өлшеуіштермен өлшеуге үйрету жалпыға міндетті өлшеуіштердің мағынасын түсінуге көмектеседі. Ересек топтарда таныстыру үшін қажетті алғышарттары бар: стихиялық тәжірибеде өлшеудің жалпыға міндетті өлшеуіштері мен тәсілдері аңғарылды, сөздікте осыған тән сөздер кездеседі(м, см, л және т.б.). Бұл құрылым « баланың жақын даму шекарасында» жатыр жіне балабақшадағы математикалық ұғымдардың қалыптасу бағдарламасына толықтауыш қызметін атқарады.
Балаларды жалпыға міндетті ұзындық өлшеуіштерімен таныстыру: метр және сантиметр.
Мектепте бірінші ондіқтарді өлшеуге кесінділерді өлшеу кіреді. Бұл негізінде 1 сыныпта оқығанда бірінші біліктің үлгісі ретінде сантиметрмен, кейін ондқ үлгісі ретінде дециметрмен, және соңғы жүздік үлгісі ретінде метрмен таны
стырылады. Мектеп математикасын балабақшада қолдану қателік болар еді. М.Ж.Д. Балалар санауды тек 10-ға дейін қабылдайды. Бұл жұмыс таныстыру сипатында болуы қажет. М.ж.д. Балалармен жұмыста ұзындықтың бірлігі ретінде метр алынады. Мұндай біріділіктің артықшылығы мынада: 1) өмірдегі тәжірибеде балалар көбіне метрдің көмегімен өлшеуді көріп жүр; 2) метр – негізгі ұзындық бірлігі; 3) метр -жеке өлшем түрінде бар; 4) метр – сантиметр мен дециметрге қарағанда үлкен ұзындық өлшеу бірлігі, сондықтан м.ж.д.балалар үшін өлшеу процессі «көрінетін» болады: тәрбиешіге метрдің көмегімен көрсету оңайырақ.
Өнеркәсіп тауарлары дүкеніне экскурсия жасаудан жұмысты бастауға болады, онда кіреді:
а) сатушының сатып алушыға қажетті мата метрін өлшеуді бақылау;
б) 1 метр сызғыштың ұзындығын қарау (метр деп сызғышың өзі атаулмайды, оның ұзындығы өлшеу бірлігі қызметін атқарады);
в) матаны метрмен өлшеу тәсілін сатушының әдейі көрсетуі («Қараңдар балалар, қандай ұзындықтағы мата бөлігін мен өлшеп алдым. Онда 6 м.»);
г) балалар әр түрлі маталардың енін көзмөлшермен айтып, нәтижесін метрлік сызғышпен тексереді. (жібектің ені метрден қысқарақ, ал жүн матаның ені метрден ұзынырақ).
д) қуыршақ көйлегіне 2м матаны, 3м лентаны, 4м шілтер сатып алу.
Экскурсиядан кейінгі әңгімеде балалардан олардың ата-аналары немесе олар өздері метр көмегімен өлшенетін өлшеуіштер қолданатын не және қашан алғандарын естеріне түсіруді сұрауға болады.
М.ж.д. Балаларда ұзындықты өлшеу бірлігі ретінде сантиметр туралы алғашқы түініктер бар. Оларды сантиметрлік сызғышпен таныстыруға болады, өлшеу кезінде оның көмегімен жаттығуға болады.
Жұмысты келесі үлгіде ұйымдастыруға болады:
а) балаларға әрқашан метрмен өлшеу қолайлы емес деген ой салу;
б) сантиметр үлгілерін көрсету (1 см ұзындықтағы кесінді); см де өлшеуіш екенін айту, бұл өлшеуішпен нені өлшеуге болатынын атауды сұрау;
в) зерттеу әрекетін ұйымдастыру (см үлгісін қолға алып, кесінді шетін саусақпен жүргізіп, см-к лентамен және метрмен салыстыру);
г) см-к шкаладағы сызғышты сансыз көрсету, сантиметрлік кесіндіні сызғыш шкаласының үстіне қоюды ұсыну, олардың санын санау.
д) балаларды цифрсыз см-к шкаладан сызғышпен өлшеуге жаттықтыру.
е) цифрдың мағынасын түсіндіріп, шартты сызғышты кіргізу. (см-ді санау ұзақ әрі қолайсыз, цифрлармен бөлінген, көрсетілген өлшеуіш тез әрі ыңғайлы).
Сызғыш қолдану ережесін анық көрсеткен дұрыс:
өлшемей тұрып, санақ басының нүктесін белгілеп алу керек: өлшеуді нөлден бастайды, ал өлшенедін жазықтыққа сызғыш қатты жабысып тұруы керек;
өлшеуде сантиметрді бірнеше рет өлшеудің қажеті жоқ. Сызғышта көрсетілген цифрлар олардың санының көрсеткіші болып табылады.
Балаларға сызғышпен өлшеу дағдыларын бекітуде келесі тапсырмаларды ұсынуға болады:
Төртбұрышты қағаз бетінің ұзындығы мен енін анықта.
Қағаздан ені 3см және ұзындығы 10 см болатын кесінді қиып алу;
Геометриялық фигура қырларын өлшеу: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.
Көрсетілген өлшемдегі геометриялық фигураны сыз.
Тәрбиеші берген өлшем бойынша үй сал.
Көз мөлшермен кесінді ұзындығын см-мен анықтап, оның нәтижесін сызғыш көмегімен тексеру;
берілген кеснідіні одан 1 см-ге ұзын кесінді сызу.
Екі кесіндіні өлшеп, үшіншісін бірдей ұзындықта сызу.
Балалар жаттығуды орындап, шартты өлшеуішпен өлшеу заттардың көлемі туралы объективті мағлұмат алуды қамтамасыз ететінін түсінеді.
Балаларды заттардың ұзындығы, ені, биіктігі арқылы реттеуге үйрету
Балаларға (ұзын-қысқа, биік-аласа, үлкен-кіші) жанына және үстіне қойып өлшеу әдісін қолдана отырып заттарды ұзындығы, ені, биіктігі және әртүрлі немесе ұқсас заттарды салыстыруға үйрету үшін заттың белгілері бойынша бір затты екінші затпен көлем бойынша анықтау, оның нәтижесін мына сөздермен сабақтастандыру: ұзын-қысқа, ұзынырақ-қысқарақ, ұзындығы немесе қысқалығы бойынша бірдей, ені бойынша бірдей, биік-аласа, биігірек, аласалау.
Мектеп жасына дейінгі балаларда көлем жайында түсініктің қалыптасуы балалардың заттың белгілері бойынша кеңістікті бағдарлау икемін дамытады деп жорамалдауда. Олар айтарлықтай нақты мінездемелерге сай: көрсету білігі, ұзындығын атау, енін, заттың биіктігін, толықтай олардың мөлшерін
анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет