« Сызықтық» өлшеу ережелері Сызғыш қолдану ережесін анық көрсеткен дұрыс:
1)өлшемей тұрып, санақ басының нүктесін белгілеп алу керек: өлшеуді нөлден бастайды, ал өлшенедін жазықтыққа сызғыш қатты жабысып тұруы керек;
2)өлшеуде сантиметрді бірнеше рет өлшеудің қажеті жоқ. Сызғышта көрсетілген цифрлар олардың санының көрсеткіші болып табылады.
Сұйық және сусымалы заттарды көлемді өлшеуіштің көмегімен өлшеу ережелері. Балаларға сұйық және сусымалы заттарды көлемді өлшеуіштің көмегімен өлшеу ережелерін үйретпестен бұрын оларды көлемді өлшеу жаттығуларын орындату қажет: 1) бір литрлік банкіні әр түрлі көлемде өлшеу арқылы суға толтыру. 2) бір литрлік банкіні әр түрлі өлшеу арқылы суға толтыру. 3) әр түрлі үлгідегі банкілерге бірдей мөлшерде су толтыру арқылы банкілердің толғандын салыстыру. Осы тапсырмаларды орындау барысында : А) сұйықтық қай ыдысқа сиятынын байқау. Б) толық көлемін өлшеп көру арқылы өлшеу дұрыс болып есептеледі және толық көлемін өлшеуде ең дұрыс ереже болып табылады. В) сұйықтықтың көлемін өлшеу құралдарымен өлшеу арқылы көз мөлшерімен өлшеу ұғымын қалыптастыру. Одан кейін сұйықтықты және сусымалы заттардың көлемін өлшеудегі жалпы қолданыстағы өлшем бірліктерімен таныстыру қажет: 1) Тәрбиеші қандай сұйық заттарды білетіндерін сұрайды.2) Өлшеуіш құмыра арқылы сұйық заттардың бір литрі сиатындай етіп алып, сұйық заттарды өлшейтін құрал литр екендігін түсіндіру3) Әр түрлі ыдыстар арқылы әр түрлі сұйықтықтың сиымдылық көлемі өлшенетінін түсіндіру. Тәжірибе жүзінде қалыптастырған білімдерін бекіту үшін мынандай ойындар жүргізуге болады:А) «Дүкен» ойыны, ойын барысында сатушы сатып алушыларға әр түрлі банкілер, бидондар, 1, 2 , 3 литрлік сүттер өткізеді. Б) «Ойлан тап» ойыны, ыдысқа қанша литр су сиятындығын тап, басында көлемін көз мөлшерімен анықтау, содан соң өлшеу арқылы. В) екі ыдыстың көмегімен сұйықтықтың көлемін теңестіру арқылы салыстыру жаттығулары.Осындай жұмыстар жүргізу барысында балаларда көлемін өлшеу бірліктері туралы ұғым қалыптасады, «литр» сөзінің мағынасы түсінікті бола бастайды, сұйықтықтың ыдысқа сиымдылық тәсілдері анықталады. Жалпы қолданыстағы өлшем бірліктерімен кеңірек танысу үшін күнделікті өмірде және мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибесінде үнемі қолданып отыру қажет.