05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет17/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

7. п— р — п ауысудың қасиеті

49. п — р — п немесе р — п — р типтес электронды-кемтікті ауысу транзисторлар деп аталатын шала өткізгішті триодтарда (үш электродты приборларда) қолданылады.



50. р — п — р типтес триодта шеткі аймақтардың электрондық өткізгіштігі (25-сурет), ал ортадағы өте жұқа аймақтың кемтікті өткізгіштігі болады. Ондағы 1-аймағы — триодтың эмиттері, 2-аймағы — базасы, немесе негізі, 3-аймағы — коллектор деп аталады. Эмиттер тура (еткізуші) бағытта қосылады, ол электрондарды немесе кемтіктерді инжекциялайды (шығарады), триодтардың р — я — р немесе п — р — п түрлеріне қарай, коллектор жабушы бағытқа косылады, сөйтіп, ол электрондарды (немесе кемтіктерді) жинайды, яғни қабылдайды. р — п — р типті триодта болатын процестерді біраз жүйелі қарастырайық. Қоректендіру көзін (Б э) қосқанда (25-сурет) эмиттерлік ток (1 э) пайда болады. Бұл ток негізінен эмиттердің базаға инжекциялайтын (шығаратын) кемтіктерінен пайда болады да, азғантай ғана бөлігі эмиттерден базаға көшетін элек-трондардан пайда болады (базаның донорлық қоспасынан гөрі эмиттер акцепторлық қоспамен көбірек қаныққан). Базаға түскен кемтіктер негізгі заряд тасушылар емес, олар бірден екі процеске түседі: бірі — диффузия процесі, мүның нәтижесінде кемтіктер бүкіл база көлеміне біркелкі бөлінуге тырысады, екіншісі — негізгі заряд тасушылармен — электрондармен — рекомбинациялану процесі. База қүрамында донорлық қоспасы аз п — шала өткізгіштен жасалады. Базада еркін электрондардың концентрациясы аз болады, сондықтан базаға түскен кемтіктердің біразы ғана ре¬комбинация процесіне қатысады.

Сыртқы тізбектен базаға базалық ток (Іб) түзетін жаңа электрондар келеді. База жұқа болғандықтан эмиттер инжектирлейтін кемтіктердің негізгі массасы базаның бүкіл қабатына диффузияланады да, коллектордың электр өрісіыің әсеріне ұшырайды, сөйтіп кемтіктердің п — р ауысуы арқылы коллектор аймағына жөңкіле көшуі басталады, яғни коллекторлық тізбекте Iк ток пайда болады.

Эмиттер тогы жоқ кезде коллектор тізбегінен қосалқы заряд тасушылар туғызған аздаған бастапқы ток жүреді.



51. п — р — п типті транзистордың (26-сурет) жұмыс принципіде осыған ұқсас. Эмиттер база аймағына электрондарды инжектирлейді. Ал злектрондардың аздаған бөлігі ғана базадағы кемтіктерді рекомбинациялайды, ал олардың дені бүкіл база көлеміне диффузияланады да,, оларды коллектордың электр. ерісі қармап алады, сөйтіп, электрондар р — п ауысуы арқылы коллектор аймағына жөңкіледі де, коллектор тізбегінде ток пайда болады.

52. Транзисторларда екі электронды-кемтікті ауысу пайдаланылады. Көп қабатты электронды-кемтікті ауысуларды пайдаланатын приборлар да бар (мысалы, ауыстырып-қосушы диодтар мен триодтар — динисторлар және тиристорлар). Транзисторлардың вольт-амперлік характеристикаларымен біз III тарауда танысамыз.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет