05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет25/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

19. Заттың плазмалық күйі

Біз иондық приборларда (олардың жұмыс процесінде) газдың ерекше бір күйде — плазмалық күйде — болатынын көрдік. Плазма деп заттың төртінші күйін айтады. Ол иондар мен электрондардан тұрады, онда иондану мен рекомбинациялану процестерінің қатар жүріп жатқаны, ал жалпы зарядтың нольге тең болатыны байқалады. Плазмада зарядталған бөлшектердің әжептәуір концентрациялануы оның электр өткізгіштігінің жоғары екендігін көрсетеді. Мысалы, қысым 1 торға тен, болғанда, сутегі плазмасының әрбір куб сантиметрінде 1011 электрондар болады. Газды қыздырып, оны плазмалық күйге келтіруге болады. Әсіресе мұны сілтілік металдар — натрий, калий, цезий — буынан оңай байқауға болады. Температура жоғарыла-ған сайын, плазмалардың иондану дәрежесі артады. Мысалы, 160 000° К температурада сутегі плазмасы толық ионданады, онда бейтарап атом және молекула болмайды. Миллиондаған градус температурада кез келген зат плазмалық күйде болады. Заттардың плазмалық күйде болуы әлемде кең таралған. Күн, жұлдыздар плазмадан тұрады, өйткені бұл аспан денелерінің қойнауында температура бірнеше миллион градусқа және одан да көпке жетеді. Сиреген түмандылықтар және жүлдыз аралық газдар жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерімен ионданған. Басқарылатын термоядролық процестерде де плазма шешуші орын алады. Атмосфераның жоғарғы кабаттарында космостық сәулелер, Күн сәулелері әсерінен ионданған қабат — ионосфера пайда болады. Бүл қабат радиотолқындардың таралуына ықпал жасайды. Түнде космостык, сәулелердің әсері азайған кезде, иондар мен электрондардың рекомбинациялануы нәтижесінде



иондану азаяды. Солтүстік жарқыл және найзағай бұл да заттың плазмалық күйімен байланысты.

Газ разрядты приборлардағы плазманы суық плаз¬ма деп атайды. Әрине, бұл миллион градустан жоғары температурадағы плазмаларды — ыстық плазма деген сияқты шартты атау. Плазмада зарядталған бөлшектердің аса жоғары концентрациясы оларда, жеке зарядталған бөлшектердің қозғалысына айтарлықтай ықпал жасайтын, көлемдік зарядтардың пайда болуына әкеп соғады. Нашар ионданған газды плазма деуге болмайды, өйткені мұндай газда иондар мен электрондардың саны ете мардымсыз, олар туғызатын электр өрісі жеке зарядталған бөлшектердің қозғалысына шын мәнінде ешбір ықпал жасамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет