05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған


Триодтың анод-торлық характеристикасы



бет21/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

13. Триодтың анод-торлық характеристикасы

69. Триодтың диодтан ерекшелігі сол, мұнда үшінші электрод — тор бар. Электрондық лампыларда тор көбіне спираль сым түрінде литийден, молибденнен, вольфрамнан, осы металдардың қорытпаларынан жасалады. Тор анод пен катодтың аралығына орналасады. Тордың электр потенциалын өзгерте отырып, лампының анодтық тогын басқарады. Сондықтан бұл торды басқарушы деп атайды.



70. Тор мен катодқа ток көзін қосайық (34-сурет). Егер тор он, потенциалды болса, онда көлемдік электр өрісі тор — катод участогында бағыт жағынан анодтық кернеу туғызған өрістің бағытымен бағыттас болады,. сөйтіп катодтан ұшып шыққан электрондар осы екі өріс әсерінен шапшаңдайды да, анодтық ток артады. Электрондардың аз ғана бөлігін тор ерісі ұстап қалады да, торлық токты тудырады. Сонда катодтық ток анодтық және торлық болып екі тармаққа бөлінеді деуге болады. Енді торлық кернеудің полярлылығын өзгертейік. Сонда тор мен катод арасындағы өріс лампыдағы негізгі өріске қарсы бағытталады және анодтық ток азаяды. Торлық теріс кернеу жеткілікті дәрежеде үлкен болғанда, анодтық ток тоқталады, мұндайда лампы «жабық».

Top анодқа қарағаида катодқа әлдеқайда жақын, сондықтан торлық кернеу анодтық токқа анодтық кернеуден анағұрлым күшті эсер етеді.Торлық кернеудің өзгеруі анодтық токқа анодтық кернеудің өзгеруінен неше есе күшті эсер ететінін көрсететін шама триодтың күшейту коэффициенті деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет