05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет29/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

Электрон потенциалдар айырымы 900 в электр өрісінен магнит өрісіне өтіп, онда радиусы 0,01м шеңбер бойымен қозғалды. Өрістің магнит индукциясы векторьның мәні қандай?

Индукциясы 0,2 тл біртекті магнит өрісіне электрон индукция сызығымен 30° бұрыш жасай, 1760 км/сек бастапқы жылдамдықпен ұшып кірді. Электрондық магнит өрісінде сызатын спиралінің радиусын және адымын табьңыздар.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПРИБОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қазіргі кезде электрондық өнеркәсіп техникалык мәліметтері, конструкциясы, үлкен-кішілігі, атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен айырмашылығы көп сан түрлі электрондық, иондық, шала өткізгіштік приборлар шығарады. Олардың қай-қайсысының болса да жұмысының негізіне, алдыңғы тарауда қарастырылып кеткен физикалық процестер мен құбылыстар алынады. Енді төменде солардың ең мол таралған түрлерімен, олардың қайсыбірінің техникада және ғылымда қолданылуымен жүйелі түрде танысайық.

1. Екі электродты электрондық лампы

Екі электродты электрондық лампыны (диодты) алғаш 1904 жылы ойлап тауып, осьндай лампы конструкциялаған, ағылшын ғалымы Дж. Флеминг болды. Ал енді конструкциясы одан әлдеқайда жетілдірілген отандық радиолампылар жасап шығаруда орыс ғалымы профессор М.А. Бонч-Бруевичтің (1888—1940) еңбегі аса зор. Бүл тамаша ғалым радиотехниканы дамытуда аса зор роль атқарған Нижегород радиолабораториясын басқарды. Жаңа туып келе жатқан радиомен хабар таратудың тамаша мүмкіндігін көрегендікпен көре білген В. И. Ленин Нижегород лабораториясының жүмысына бағыт сілтеп, оның жұмысын үнемі қадағалап отырды. В. И. Ленин 1920 жылы 5 февральда М. А. Бонч-Бруевичке жазған белгілі хатында «Қағазды, «жол



алыстығы» дегенді білмейтін Сіз жасап жатқан газет ұлы іс болмақшы. Осы және Сіздің баска да жұмыстарыңызға көмек көрсетуге уәде етемін» - деген болатын.

Вакуум диод шыны немесе металл баллоннан тұрады, оның ішінде екі электрод бар - анод және катод (48-сурет). Баллоннан ауа сорылып алынады, онда қалдық ауаның қысымы 10-6 – 10-7 тордан аспайды. Ауаны мұндай аса сирету қажет болатыны біріншіден, ауаның молекуласы электрондардың катод пен анод арасында орын ауыстыруын қиындатады, ал ауадағы оттегінің қалдығы қызатын қыл сымды тотықтырып, оны тез күйдіріп жіберуі мүмкін, екіншіден, электрондардың катодтан шығу жұмысын өте нашарлатып жібереді. Сонымен бірге электрондар мен газ бөлшектерінің соқтығысуы нәтижесінде оң иондар пайда болады да, олар катодты атқылап, оның активтендіруші қабатын бұзады.

Лампының вакуумын жақсарту максатымен оны жасаған кезде, балон ішіне химиялық жұтқыш геттер (барий, магний немесе олардың қосындысын) енгізеді. Лампының электродтарын айнымалы магнит өрісінде құйынды токпен қыздырады, сонда геттер буланады да, баллон қабырғасына айна сияқты жарқыраған (магний) немесе күйе тәріздес күңгірттенген дақ (барий) жабысады.

Бұл қабат ауа қалдықтары мен лампы жанған кездегі электродтардан бөлінетін газды жұтады.

Лампыны электр жүйесіне қосу қызметін контактілік сирақтар (штырьлар) атқарады, олар арқылы лампы лампылық панельге орнатылады (49-сурет). Лампылардың дұрыс орнатылғанын арнаулы кілтпен немесе штырьлардың симметриялы орналаспауынан біледі. Цокольсіз де және штырьсыз да лампылар болады (50-сурет). Штырьсыз лампы-лар жоғары және аса жоғары жиілікті тербелістер жағдайында қолданылады.



Электрондық приборлар жайындағы анықтама-

аралықтарда (справочниктерде) лампы злектродтарының қайсысының қай штырьға немесе қай шығысқа қосылғанын көрсететін лампы цокольдемелері келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет