Күшейту коэффициенті мына формуламен анықталады:
Күшейту коэффициенті |і=10 болсын. Анодтық кернеуді Д[/а = 20 в өзгерттік. Сонда анодтық ток өзгереді. Ал анодтық токтың мұндай өзгеруін, анодтық кернеуді өзгертпей-ақ, торлық кернеуді не бары:
шамасына өзгертіп-ақ алуға болады екен.
Сонда, торлық кернеуді аз ғана өзгертіп, анодтык токты әлдеқайда кең аумақта басқаруға болады деген қорытындыға келеміз. Анодтық токтың осы қасиеті электрондық күшейткіштерде қолданылады да, оның үш электродты лампы торының оң потенциалында артатындығы пайдаланылмайды (бір айта кететін жай, алда біз күшейткіште лампының кері торлык, кернеуде, торлық токсыз жұмыс істейтінін қарастырамыз).
71. Лампының анодтық тогының анодтық кернеу өзгермеген кезде торлық кернеудің өзгеруіне тәуелділігінің графигі 36,а-суретте көрсетілген. Бұл график анодторлық характеристика деп аталады:
(19)
Характеристиканы алу схемасы 35-суретте көрсетілген. Онда ең алдымен анодтық ток нольге тең болатындай етіп, торға теріс кернеу беріледі. Торлық кернеуді өзгерте отырып, анодтық токтың ұлғаюын есепке алады. UT =0 мәнінен кейін тор тізбегіндегі батареяның полярлылығын өзгертеді.
Характеристиканың төменгі имегі катод айналасындағы электрондық атмосфераның теріс өрісінің әсерінен электрондардың тежелуін көрсетеді, жоғарғы имек және торлық кернеу өскендегі токтың одан әрі артуы Шотки эффектісімен тұсіндіріледі. Анодтық кернеудің түрліше тағайындалған кернеулерінде алынған анод-торлық характеристикалар 36,6-суреттегідей характеристикалар тобын (үйірін) құрайды. Анодтық кернеу неғұрлым жоғары болса, оның катод шығаратын электрондарға тигізетін әсері де соғұрлым күштірек болады да, характеристиканың кескіні де соншалықты тік (жоғары) өрлейді.
72. Торлық кернеу өзгермей, ал анодтық кернеу өзгерген кезде алынған характеристика анодтық характеристика деп аталады (36,6-сурет). 36,6-суретте торлык, кернеудің әр түрлі мәндерінде алынған анодтық характеристикалар тобы (үйірі) керсетілген. Характеристикалар электрондық аппаратураларды есеп-қисаптағанда және конструкциялағанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |