05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет8/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. ЕСЕПТЕР

1. Электроника нені зерттейді?

2. Электрондық, иондық және шала өткізгіштік приборлардың жұмысы қандай физикалық құбылыстарға негізделген?

3. Альфа-бөлшек дегеніміз не?

4. Резерфорд тәжірибесіндегі альфа-бөлшектердіқ шашырауын түсіндіріңіздер.

5. Альфа-бөлшектерді жеңіл және ауыр элементтер атомдарының ядролары бірдей шашырата ма? Жауапты тиісті формуланы талдау арқылы дәлелдеңіздер.

6. Зерттелетін заттаи жасалған жұқа беттен альфа-бөлшектердін. іс жүзінде шашырамай етіп кету фактісі нені көрсетеді?

7. Резерфорд теориясы бойынша атом қалай құрылған?

8. Резерфорд теориясында қандай қиыншылықтар кездеседі?

9. Бор постулаттарын тұжырымдаңыздар.

10. Атом қаншалықты порция энергия шығарса, соншалықты энергия жұтады. Осы фактіні түсіндіріңіздер.

11. § 4-те қыздырылған газдардың сызықтық спектр шығаратыны айтылған. Ал қыздырылған қатты денелердің тұтас спектр шығаратыны белгілі. Мұны қалай түсіндіруге болады?

12. Франк пен Герц тәжірибесінің идеясын айтып беріңіздер.

13. Қозу энергиясы дегеніміз не? Иондау энергиясы деп нені айтамыз? Бұл энергиялардың қайсысы кеп және неліктен?

14. Оңашаланған атом үшін Паули принципін тұжырымдаңыздар.

15. Спин дегеніміз не?

16. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

17. Атомдардың электрондық қабықтары қалай орналасады?

18. Атомның энергетикалық күйі деп нені айтамыз?

19. Энергетикалық деқгей, қозу деңгейі, тыйым салынған зона дегеніміз не?

20. Кристалла энергетикалық зона қалай түзіледі?

21. Өткізгіштік зонасы қандай ерекшелігімен сипатталады?

22. Кристалл үшін Паули принципін тұжырымдаңыздар.

23. Атомдағы электронный, қандай күйі энергетикалық тиімді деп аталады?

24. Оңашаланған атом мен кристалдың рүксат етілген ден,гейлерінің арасындағы тыйым салынған аралықтардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

25. Егер валенттік зонада электрон болса, онда толтырылған зонадан электронды аластауға мүмкін бе?

26. Кристалдағы атом, аралық қашықтықтың шамасына энергетикалық деңгейлер арасындағы қашықтыктың кандай байланысы бар?

27. Кристалдын электрлік қасиеттері тыйым салынған зонаның шамасына (7-суретте A1F) қандай байланысы бар?

28. Кристалдарда электрондық байланыстардың қандай түрлері кездеседі?

29. «Ортақтастырылған» электрондар дегеніміз не? Оларды толық еркін электрондар деуге бола ма?

30. Альфа-бөлшектердің жылдамдығы 1000 м/сек болғандағы, 1000 км/сек болғандағы кинетикалық энергиясын анықтаңыздар.

31. 11-суретте оттегіндегі альфа-бөлшектердің тректерінін (іздерінің) фотографиясы берілген. Сол іздердің біреуі «айыр» жасайды. Бұл альфа-бөлшектің оттегі атомы ядросымен соқтығуының нәтижесі: қай із (ұзыны немесе қысқасы) альфа-бөлшектің ізі?




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет