05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған


Кристалдардағы электрондық байланыс



бет7/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

11. Кристалдардағы электрондық байланыс

22. Қатты денелер аморфты және кристалды болатыны белгілі. Кристалдардың кеңістік решеткаларынын, түйіндерінде бір-бірімен электрлік өз ара эсер күштерімен байланысқан атом иондары (9-сурет) орналасқан. Кристалдардың атомдары арасындағы байланыстардың пайда болуында сыртқы қабықтар жақсы роль атқарады.

Кристалдар байланыстардың үш түрі: металдық, иондық, қос электрондық (коваленттік) байланыстар бойынша түзілуі мүмкін.

23. Металдық байланыс кезінде кристалл атомдары бір-біріне жақын орналасқан; сыртқы кабықтың электрондары көршілес атомдардың ядроларының





ықпалына түседі де, өз қабықтарынтастап шығады. Мұндай электрондар кристалдық решетканың ішінде қозғалып жүреді де, енді бір атом емес, бүкіл кристалл атомдарына ортақ болады, сондықтан оларды ортақтастырылған (өткізгіштік электрондар) деп атайды. Қристалдық решеткалардың түйіндерінде атомдар тербелмелі қозғалыс жасайды.

Металда ортақтастырылған электрондар есебінен бейтарап атомдар түзілу және атомдардан жаңа валенттік электрондардың жұлынып кету процестері үздіксіз жүріп жатады.

24. Иондық байланысқа хлорлы натрий (NaCl) тұзының кристалы мысал бола алады. Натрий атомының ядромеы әлсіз байланысқан бір валенттік қабатында) электроны, ал хлор атомының М қабатында жеті электроны бар. Хлор атомы сегіз электронная барынша орнықты сыртқы қабық жасауға тырысып, өзіне натрийдің валенттік электронын қосып алады. Осының нәтижесінде пайда болған натрийдің оң ио­ны және хлордың теріс ионы решетканың түйіндерінде кулондық өз ара эсер күшімен ұсталып тұрады. Мұндай кристалда электрондар атомдармен берік байланысады да, өткізгіштік электрондар болмайды.
25. Коваленттік байланыс. Бұл байланыс кристалдың эр атомы көршілес атомдармен байланысты қамтамасыз ету үшін бір-бірден электрондар бөліп шығару есебінен орнайды. Сейтіп, көршілес екі атом ортақтастырылған екі электронмен байланысады. Демек, бұл байланысты валенттік электрондар іс жүзіне асы-ратындықтан, әр атомның байланыстар саны оның валенттілігіне тең. Қос электрондық байланыс, мысалы, төрт валентті кремний кристалдарында болады (10-сурет). Кеңістік кристалл решеткалардың кескін-делуі көрнекі болуы үшін көбіне оны жазық проекциямен алмастырады.

Реалды кристалдарда бір мезгілде электрондық байланыстардың әр түрлері кездесуі мүмкін.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет