5. Альфа-бөлшектерді жеңіл және ауыр элементтер атомдарының ядролары бірдей шашырата ма? Жауапты тиісті формуланы талдау арқылы дәлелдеңіздер.
6. Зерттелетін заттаи жасалған жұқа беттен альфа-бөлшектердін. іс жүзінде шашырамай етіп кету фактісі нені көрсетеді?
7. Резерфорд теориясы бойынша атом қалай құрылған?
8. Резерфорд теориясында қандай қиыншылықтар кездеседі?
9. Бор постулаттарын тұжырымдаңыздар.
10. Атом қаншалықты порция энергия шығарса, соншалықты энергия жұтады. Осы фактіні түсіндіріңіздер.
11. § 4-те қыздырылған газдардың сызықтық спектр шығаратыны айтылған. Ал қыздырылған қатты денелердің тұтас спектр шығаратыны белгілі. Мұны қалай түсіндіруге болады?
12. Франк пен Герц тәжірибесінің идеясын айтып беріңіздер.
13. Қозу энергиясы дегеніміз не? Иондау энергиясы деп нені айтамыз? Бұл энергиялардың қайсысы кеп және неліктен?
14. Оңашаланған атом үшін Паули принципін тұжырымдаңыздар.
15. Спин дегеніміз не?
16. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
17. Атомдардың электрондық қабықтары қалай орналасады?
24. Оңашаланған атом мен кристалдың рүксат етілген ден,гейлерінің арасындағы тыйым салынған аралықтардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
25. Егер валенттік зонада электрон болса, онда толтырылған зонадан электронды аластауға мүмкін бе?
26. Кристалдағы атом, аралық қашықтықтың шамасына энергетикалық деңгейлер арасындағы қашықтыктың кандай байланысы бар?
27. Кристалдын электрлік қасиеттері тыйым салынған зонаның шамасына (7-суретте A1F) қандай байланысы бар?
28. Кристалдарда электрондық байланыстардың қандай түрлері кездеседі?
29. «Ортақтастырылған» электрондар дегеніміз не? Оларды толық еркін электрондар деуге бола ма?
30. Альфа-бөлшектердің жылдамдығы 1000 м/сек болғандағы, 1000 км/сек болғандағы кинетикалық энергиясын анықтаңыздар.
31. 11-суретте оттегіндегі альфа-бөлшектердің тректерінін (іздерінің) фотографиясы берілген. Сол іздердің біреуі «айыр» жасайды. Бұл альфа-бөлшектің оттегі атомы ядросымен соқтығуының нәтижесі: қай із (ұзыны немесе қысқасы) альфа-бөлшектің ізі?