4-сурет. Франк және Гер ц тәжірибесінің схемасы:
1 — сынап буларыбар түтік; 2 — электрондар шығаратын қызғаң катод; 3 —анод; 4 — торлар; V — үдетуші кернеу; U'— тежеуші кернеу.
отырып, Франк пен Герц тізбектегі токтың алдымен артқанын (5-суреттегі ОА участогы), кернеу 4,9 в болганда, оның кілт азайғанын байқайды. Бұдан ғалымдар, бірсыпыра электронный, энергиясын (4,9 эв) сол сәтте сынап атомдары жұтьш, сынап атомдары қозған күйге түседі деген қорытындыға келеді.
5-сурет. Токтық үдетуші кернеудің шамасына тәуелділігін көрсететін график.
Шынында да, түтіктің электр өрісінде электрондар кинетикалық энергия алады. Бұл энергия 4,9 эв электронвольттан аз кезінде серпімді соқтығысу кезіндегі сияқты, сынап атомдарымен соқтығысканда электрондар шашырайды. Электрондардыц энергиясы 4,9 эв немесе одан біраз артқан жағдайда, мұндай соқтығысу серпімсіз болады да, электрон өз энергиясын сынап атомына беріп, жылдамдығынан айрылады, түтіктің анодына жете алмайды, яғни анодқа тиісті теріс потенциал беріледі (Франк және Герц тә-жірибесінде — жарты вольт шамасында).
Қоздырылған сынап атомының алғашқы қалпына келуі толқын ұзындығы 2537 А° сәуле шығарумен қосарлана журеді.
(1 А° — ангстрем = 10~8 см немесе 10~10 м).
Үдеткіш кернеуді одан әрі арттырғанда токтың келесі төмендеуі (В нүктесі) 9,8 в кернеуде болды.
Демек бұл, электрон сынаптың екі атомының бірінен соң біріне соқтығысып, 4,9 в кернеудегі сияқты, өз жылдамдығынан айрылады да, анодқа жете алмайды деген сөз. 14,7 в кернеуде де осы жағдай болады, бірақ мұнда енді үш соқтығысудан кейін осындай болады т. б.
Демек, сынап атомы энергияны 4,9 эв порциямен жүтады. Әрине, бұл шама сынап атомының энергиясы тек шекті шамаға ғана өзгеретінін сипаттайды. Сынап атомы бұдан аз мөлшердегі энергияны қабылдамайды.
Бүдан әрі зерттеу, егер электрондардын, энергиясы 6,7 эв, 8,3 эв т. б. асатын болса, олардың сынап атомдарымен соқтығысқанда беретін эиергиясының пор-циялары 4,9 эв болып қана қоймай, 6,7 эв т. б., 8,3 эв. т. б. бола алатынын көрсетті.
Егер қозбаған атомда электрон энергиясы Wп болса; ал қозған атомда — Wn+i болса, онда атом жүтқан энергия
Достарыңызбен бөлісу: |