«Халықаралық экономика» пәні – бұл тауарлар мен қызметтердің капиталдардың, жұмысшы күші мен технологияның халықаралық айырбасы саласында әртүрлі экономикалық субъектінің өзара әрекеттесуі. Халықаралық экономика теориясының белсенді түрде қалыптасуы
халықаралық экономикалық қатынастың және әлемдік экономиканың жедел
дамуы барысында жүзеге асады. «Халықаралық экономика» термині ХХ
ғасырдың 90 жылынан бастап кең түрде қолданыла бастады. Алғашқыда
халықаралық экономиканы зерттеуге деген қызығушылық 1960ж. халықаралық
бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол ерекше пән ретінде АҚШ-ң
бизнес мектептерінде алғашқы рет оқытыла бастады.
Дербес теориялық пән ретінде халықаралық экономика – ХХ ғасырда
қалыптаса бастады. Оның қалыптасуы мен дамуына XVIII-XIX ғасырларда
экономика классиктері Адам Смит, Д. Рикардо, Джон Стюарт Милль, А.
Маршалл үлес қосқан еді.
Халықаралық қатынастың құрамы мынадай: Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы.
Капиталдар мен шетелдің инвестициялық қозғалысы.
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары.
Халықаралық экономикалық – интеграция.
Халықаралық ғылыми - техникалық және өндірістік қарымқатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |