1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


Адам Смит, Д. Рикардо, Дж. Милль халықаралық сауданың шығу



бет58/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

30 Адам Смит, Д. Рикардо, Дж. Милль халықаралық сауданың шығу

себептерін, тек еңбек факторымен қарастырады, бірақ, іс жүзінде кез - келген

экономикада еңбек факторымен бірге, басқа да өндірістік факторлар (жер,

капитал) қолданылады. Өндірістік фактор жөніндегі ілімдерін зерттеп, 1930ж

швед ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Д. Рикардоның теориясын әрі

қарай толықтырады. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын капитал мен

еңбекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырады. Бұл

үлгіде негізгі тұжырым келесідей жағдайларға әкеледі:

1. Жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ, капитал мөлшері аз болған

елдер, еңбекті көп қажет ететін тауарлар өндірісіне маманданады.

2. Капитал мөлшері артық, бірақ, жұмысшы күшінің шамасы аз болған

елдер, капиталды көп қажет ететін тауарлар өндірісіне маманданады.

Егер, басқа елдермен салыстырғанда, жұмысшы күшінің шамасы артық

болса, онда, ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз етілген деп

есептеледі. Егер, басқа тауарлармен салыстырғанда, жұмысшы күші

шығындарының үлесі тауарлар құнының құрылымында көп болса, онда ол

еңбекті көп қажет ететін тауарлар деп есептеледі.

Хекшер - Олин теориясы бойынша мынадай тұжырымдама жасалған: егер,

тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр

мемлекет сол тауарды экспортқа шығаруға тырысады. Хекшер - Олин теориясы

бойынша факторға салыстырмалы баға беру төмендегі 3 жағдайға байланысты:

1) Халықаралық айырбасқа қатысушы елдер, тауарлар өндірісінде мол

өндірістік факторды қолданса, онда, олар сол тауарлар мен қызметтерді шетке

шығаруға тырысады, ал, керісінше, кейбір тауарлар бойынша тапшылық болса,

онда, олар өнімдерді шеттен алуға тырысады.

2) Халықаралық сауданың дамуы «факторлық» бағаның, яғни, осы фактор

иесінің алатын табысының теңестірілуіне әкеліп соғады.

3) Кей жағдайда, өндіріс факторлары халықаралық қозғалыс сипатында

болуы мүмкін, яғни, елдер арасында тауарлар экспортының орнына, сол

фактордың өздерін шығаруға мүмкіндік туады.

2. 1954 жыл американдық экономист Василий Леонтьев «Хекшер - Олин»



теориясын іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді. Ол АҚШ-тың экспорты мен

импортын зерттейді. Зерттеу құралы ретінде, еңбек және капитал шығындарын

қарастырады. Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар

қалыптасты. АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарды экспортқа

шығарып, ал, көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарды импорттап алады. Осы

жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше болып шықты. Осыған байланысты,

Леонтьев еңбегі экономикада «Леонтьевтің парадоксы» деп аталды.

Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ - тың сыртқы саудасына әсер

етпейтіндігі анықталған. Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: Көп

жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарды шетке шығарып, капиталды

аз қажет ететін тауарды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтьев өз

көзқарасын ұсынады. АҚШ - та пайдаланылатын фактордың ішіндегі өте

тиімдісі - еңбек факторлары болып табылады. Оған себеп, АҚШ

жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель

түсінігі «жұмысшы күшінің біліктілігі» теориясы деп аталады. Оның түсінігі

мынада: яғни, өндіріске екі фактор емес, үш фактор қатысады, атап айтқанда,



капитал, еңбектің 2 түрі: білікті және біліксіз еңбек

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет