1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


Абсолютті артықшылықтар теориясы



бет54/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)
instrukciya po registracii v mobilnom pravitelstve 0, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, «Èíæåíåðë³ê ãðàôèêà» ï?í³íåí Î?Ó ?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð, ВМ 7- курс весенн.сесс. 22-23, doc
28 Абсолютті артықшылықтар теориясы - Адам Смит абсолютті артықшылықтар теориясының негізін салды. Оның теориясы бойынша халықаралық сауда əртүрлі елдердегі тауар өндірісінің абсолютті шығындарының айырмашылығына негізделуі тиіс.

А. Смиттің ойынша, əрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс.

А. Смит əр елде белгілі тауарларды аз шығынмен өндіруге мүмкіндік беретін ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстар бар екенін атап көрсетт

Салыстырмалы артықшылықтар теориясы- қандай да бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз болатындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.

Салыстырмалы артықшылықтар теориясында сыртқы сауданың шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы міндетті еместігін жəне абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы сауданың тиімді екенін пайымдады.

Д. Рикардоның ойынша, елдер салыстырмалы арзан тауарларды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шетелдерде аз шығын кететін тауарларды əкелуі тиіс. Əр ел басқа елге қарағанда, абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстырмалы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек. Оның мысалында екі ел қарастырылады – Англия мен Португалия. Айталық, осы елдерде екі ғана тауар өндіріледі – шарап жəне мата. Бұдан басқа, Рикардоның үлгісінде жалғыз өндіріс факторы– еңбек қана қолданылады, сондықтан тауар өндіру шығындары еңбек шығындарымен (еңбектің адам-сағатымен) өлшенеді

29 Сыртқы сауда дегеніміз- белгілі бір елдің баска елдермен сауда жасауы. Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі турі бар:

1 Экспорттық операциялар — шетке шығару арқылы шетелдік контингентке тауарды сату;

2 Импорттық операциялар — шеттен әкелу арқылы шетелдік контингенттен тауарды сатып алу;

3 Реэкспорттық операциялар — бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.

4 Реимпорттық операциялар — бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. (2. С. 38)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет