1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар



бет50/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)
instrukciya po registracii v mobilnom pravitelstve 0, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, «Èíæåíåðë³ê ãðàôèêà» ï?í³íåí Î?Ó ?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð, ВМ 7- курс весенн.сесс. 22-23, doc
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

1 Еркін сауда саясаты

2 Протекционизм

Еркін сауданы ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол : «айырбас қандай елге болса да колайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады»,- деп жазған. (3. С. 89)

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттін сыртқы саудаға тікелей араласуынан бас тартып рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуінен көрінеді.Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекеттерінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субьектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім шарттарға отырады. Еркін сауда он саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп бір-біріне дұшпандық әрекеттерінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

Протекционизм отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мумкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономикалық тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мумкін. (2 С.75)

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына комектеседі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустрализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі. (4. С. 47)

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Протекционизм саясаты негізінде әрбір дамушы және дамыған ел өзінің өндірушілерін ынталандыру мақсатында колданып, басқа елден келетін тауарларға карсы тура отырып экономиканы дамытуға және басқа елдермен тұрақты түрде қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Протекционизм саясатын жүзеге асыру барысында белгілі бір көлемде кедендік баж салықтары немесе үлкен проценттік қойылым коя отырып жүзеге асыра алады.

Мамандардың болжауы бойынша, 21 ғасырдың алғашкы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер саналатыны АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездеседі.

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф — бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп- мемлекеттің шекараны өту кезінде тауарлардың импорты және экспортына салынатын салығы түсініледі. (6. С. 45)

Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсыныска қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарлатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын еңгізген ел табыс алады.

Дүниежүзілік сауданың ен қарқынды және өскелен дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар. (5. С. 127)

Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатка сұраныстын көбейгенімен шикізат саудасымен қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі, біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процестерін қолдану. (5. С. 127)

Дүниежүзілік азық — түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық -түлікпен қамтамасыз ету денгейінің жоғарылауымен байланысты.

Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шеніңде жедел өсуі АҚША-тың Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық конъюктурасының жақсарғаны да әсер етті.

Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6% — ке өсері анық.

Жекелеген елдердің дүниежүзілік саудадағы ролін қарастырсақ, онда дүние жүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚША жатады.

Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі — мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда экономикалық одақтар денгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы.

Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтын сауда одактарының құрамы мынадай:

1. Еуропалық Одак — Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.

2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы — Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.

3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім- АҚША, Канада, Мексика.

4. Азия — Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы — Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жана Зеландия, Папуа- Жана Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг,Жапония, Онтүстік Корея, Қытай АҚША, Мексика, Чили.

5. «Меркосур»- Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.

6. Онтүстік Африкалық даму комитеті — Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мазамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.

7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одак — Кот’д Ивуар, Буркина-Фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.

8. Онтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы — Индия, Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал.

9. Анд пакті — Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.

Аталған одактастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық, тарихи мәні бар обьективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді, екінші жағынан кез — келген жабық құрылымдарға тән — бірқатар кедергілер де болады.

27 Кедендік одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.

Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет