1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»



бет57/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)
instrukciya po registracii v mobilnom pravitelstve 0, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, «Èíæåíåðë³ê ãðàôèêà» ï?í³íåí Î?Ó ?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð, ВМ 7- курс весенн.сесс. 22-23, doc
Коммивояжер — бұл сауда окілеттілігін жүзеге асыратын сауда касіпорныңын қызметкері.

Коммивояжер касіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек квлісімдері негізінде әрекет етеді. Коммивояжердің функциясы — белгілі бір аймакта касіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылыр шенберін курады, бұл кезде ол келісім жасауга өкілетті емес. Ол қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған процент мөлшерінде сыйақы алады.

Комиссинер — сауда келісіміндегі делдал; белгілі мөлшердегі сыйлық үшін, комитент пайдасы үшін соның есебінен, бірақ та өз атынан делдалдық жасайтын адам. (1. С. 50)

Тауар нарығында тауарды сату кезінде комиссионер оның меншік иесі бола алмайды.

Бонус — бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін төленетін комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері сатылған ( айырбасталған немесе сатып

алынған ) тауарлардың құнына қатысты процентпен — анықталады және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мумкін;

• Тауарлардың күйіне қатысты;

• Оған деген сұранысқа;

• Сату каналдарына ( дүкен немесе тікелей сату арқылы);

• Комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстын арақатынасына;

• Комиссионерлер арасындағы бәсеке денгейіне.

Бонустың нақтыы мөлшері мен есептеу жолдары комиссиялық келісімдерде анықталады.

Консорциум — бірнеше банк немесе өнеркәсіп касіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім. (1. С. 50)

19 ғасырдың аяғында — 20 ғасырдың басында қосымша пайда табу мақсатында заемдар мен бағалы кагаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктердің банкирлер үйінің және қаржыландыру когамдарының бірлестігі турінде әрекет етті. Қазіргі танда халықаралық консорциумдар оте кен түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында касіпорындар курған.

Консорциум ұйымы қатысушылар арасындағы келіссөз арқылы ашылады.

Консорциумға кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.

Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен курес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін курылады.

Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте болады.

Консорциумга қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі шегінде мүліктік жауапкершілікте болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара пропорционалды түрде бөлінеді.

Сауда үйі- күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту керек: 1. Ірі сауда үйінің типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:

• Тауар өндірісі сферасына белсенді түрде енуі;

• Өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;

• Несие — қаржы операцияларына қатысуы.

Дүние жузінде қызмет ететін сауда уйлерінің негізгі мақсаттарына жататындар:

• Делдалдык операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық қызметтІ белсенді түрде жүргізу;

• Дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюктурасына жедел түрде жауап кайтару;

• Өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік кабілеті бар тауарларды өткізу;

• Ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру және олардың өткізу қызметін қаржыландыру;

• Айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу және жарнама куның төмендету.

Сауда үйлері акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік фирмаларында құрылады. ( 10. С. 69)

Сауда үйлері және басқа шаруашылық субьектілері арасындағы байланысатын негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық жөніңдегі келісімдер; сату — сатып алу контрактілері; консигнациялық келісімдер және т.б.

Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар тобы шенберінде шектемейді, олар тиімділігі және өзара есеп айырсуы бойынша өзара байланысқан келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.

2. Брокерлік фирма, ол өз есебінен немесе белгілі бір тауарлардың саудасымен айналысатын өндіруші, тұтынушы немесе басқа тұлғалар есебінен нақтылы тауарлар бойынша келісімдер жүргізумен айналысады.

Көптеген сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және фьючерстік биржада өздері келісімдер жүргізеді. (10. С. 70)

Бас жабдықтаушы — өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да обьектілерді салу кезінде технологиялық құрал — жабдықтардың толық комплексін құрылыс ауданыңа жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.

Субжабдықтаушылардың тапсырмаларды орындаған — орындамағанына қарамастан, тапсырыс беруші алдында бас жабдықтаушы жауап береді.

Халықаралық сауда әр ел экономикасы үшін маңызды бір элемент деп айтуымызға болады. Өйткені халықаралық сауданы дамыту үшін ең бірінші ауыл шаруашылығын, өндірісті, және т.б. дамыту қажет. Ал оларды дамыта отырып халықаралық аренаға шыға алады. Халықаралық сауданың дамуы сонымен қатар елдер арасындағы достық қатынастарды күшейтуге және елдің экономикасын жақсартуға ықпал жасайды.

Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты

Халықаралық сауда — мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек 20 ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи — географиялық жағдайларына сайкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың натижесі ретінде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет