1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»



бет4/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)
instrukciya po registracii v mobilnom pravitelstve 0, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, Rezyume Makhmedovoy Eleny, «Èíæåíåðë³ê ãðàôèêà» ï?í³íåí Î?Ó ?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð, ВМ 7- курс весенн.сесс. 22-23, doc
Бұл ғылымның обьектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі-мемлекет болып табылады.
2. XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз – жекелеген аймақтар шеңберіндегі жекеленген еуропалық мемлекеттер арасындағы қатынастар. Халықаралық экономикалық қатынастар шет мемлекеттермен экономикалық әрекеттердің пайда болуынан туындайды, сондықтан осы қатынастардың негізі ретінде сыртқы экономикалық қатынастар қарастырылады.Сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз – мемлекеттің шекарасынан тыс атқарылатын қызмет түрі.Кез-келген өндіріс немесе қайта өңдеу процессі халықаралық экономикалық қызметтің объектісі бола алады. Халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі. Кез-келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіру бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет.Бұл белгілерге жататындар:

1.Дамыған ғылыми-техникалық базасының болуы;

2.Шикізатпен және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі,оның салыстырмалы арзандау болуы;



3. Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б.). Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Баранский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет