Мәдениет-адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес,керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік жіне рухани қыл-көпір. Осы үндестікті(гармонияны) одан әрі жетілдіру-адамзаттың алдындағы келелі міндет.Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсінетін тағы бір мәселе адамның көп мағыналылығына, жан-жақтылығына,шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиасы –адамдағы «Мендік».Одан сыртқа ерекше бір нүр – азаттық, жауапкершілік , адамгершілік сәулес інүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгеиге көтеріледі.