Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер ХІХ ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп
болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның- Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Макс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Огюст Конт (1798-1857) Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды. Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт-әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі.